ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

БАЛАЛАР ЖӘБІР КӨРГЕН

22:06, 15 қыркүйек 2020

Биылғы жылдың мамыр айында Облыстық балалар психоневрологиялық арнайы медициналық қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне қатысты 18 қылмыстық іс қозғалса, тағы екі адам 3 жыл 6 айға сотталды. Күдікке іліккен мекеме қызметкерлері мүгедек балаларды түні бойы керуетке байлап қоятын болған және күш те қолданған. Бұның барлығы облыстық прокуратураның тексеру барысында бейнекамераға түскен.

Тергеу анықтағандай, мекеменің санитарлық қызметкерлері күндізгі тыныш сағат кезінде және түнде орталықтағы мүгедек балаларды төсекке матап қоятын болған. Ал, байлауға бой бермегендерін ұрып соққан. Кейде байлауды шешуге ұмытып кетіп, балалар өздері бірін бірі босатады екен. Жүйкесінде зақым бар балаларға жәбір көрсеткен қызметкерлердің төртеуі үш жарым жылға бас бостандықтарын шектеу жазасына кесілді. Бұдан бөлек, 18 қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.  Сондай-ақ, 2 қызметкерге қатысты сот шешімі шықтры.

Гүлсім Ахтаева, қалалық №2 сотының баспасөз хатшысы:

Қала прокурорымен күдіктілер арасында кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалды. Сот үкімдерімен Павлодар қаласының психоневрологиялық орталығының қызметкерлері кәмелет жасқа толмағаендарды азаптағандары үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазаға тартылды. Сот үкімдері заңды күшіне енді.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар