ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

АДАМ ҰРЛАУҒА ӘРЕКЕТ ЖАСАЛДЫ

19:09, 20 қыркүйек 2019

Белгісіз біреулер облыс орталығында 61 жастағы әйелді ұрлап кетпек болды. Алайда, қарақшыларды әрекеті жүзеге аспай қалды. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, адам ұрламақ болғандарды іздеп жатыр.

Оқиға, 18  қыркүйек күні таңғы сағат 7-40 та болған. Есеналиев көшесіндегі үйінен шығып келе жатқан әйелді белгісіз біреулер машинаға күштеп кіргізбек болған. Әйтсе де, әйел адам қарақшыларға қарсылық көрсетіп, сытылып шыққан. Қазір осы іс бойынша түрлі болжамдар айтылуда. Полиция тергеу нәтижесі бойынша белгілі болады, дейді.    

Жанар Біләлова, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Осы факті бойынша  Павлодар облысының барлық гарнизоны бағытталып, бағдар жасалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған фактіге қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...