ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

Ұлттық ұланның құрылған күні

15:57, 12 қаңтар 2016

Павлодар қаласының 66 да 79 әскери бөлімінде ерекше салтанатты шара өтті. 24 жыл бойы ішкі әскер құрамында қызмет еткен бұл әскери бөлімнің ұлттық ұлан гвардиясының қатарына енгеніне бір жыл толған. Қазақстан қарулы күштерінің бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ұлттық ұлан сарбаздары өздерінің құрылған күндерін атап өтті. Толығырақ әскери шарада болып қайтқан тілшіміз тарқатады.

 

 «Бізде танк жоқ, ұшақ жоқ. Бізде жауынгер бар». Ұлттық ұлан сарбаздарының сапта тұрып айтар ұраны осындай. Бұл жауынгерлерге жүктелген міндет бөлек. Олар ел ішіндегі қауіпсіздікті күзетеді. Қоғамдық құқық бұзушылықты болдырмайды. Аталмыш әскери құрылым осыдан он жыл бұрын тікелей Елбасы Жарлығымен құрылған болатын. Ал былтырғы жылдың оныншы қаңтарында Ұлттық Ұлан сапына Павлодардағы 66 да 79 әскери бөлімі де қосылды.

 

Бүгінде ұлттық ұлан сапында мыңдаған жауынгер Отан алдындағы борышын өтеуде. Салтанатты шара барысында олардың әрқайсысы мадақталып, марапаттарға ие болды. Осындай игі істер алдағы уақытта жауынгерлерге жаңа серпін, күш береді дейді сарбаздар. Ақтөбе облысынан келіп әскери қызметін өтеп жатқан Жандос Паковқа да бұл мерейлі сәт зор қуаныш сыйлады.

 

66 да 79 әскери бөлімінің ұлттық ұлан гвардиясының енуіне орай  өткізілген шара барысы Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармония өнерпаздарының концертімен жалғасты.

Жанасыл СЕРІКБОЛ

Тақырып бойынша материалдар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІ БОЛАТ БАҚАУОВ ЖӘНЕ ОҢІР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА ҚҰТТЫҚТАУ ТЕЛЕГРАММА КЕЛІП ТҮСТІ
20:01, 12 шілде 2018
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ...
Толығырақ...
«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қабылдау жалғасуда
16:26, 7 қараша 2016
«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қаб...
Толығырақ...
Махат Садық: 28 қыркүйекте Қазақ радиосы өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтеді
15:10, 8 қыркүйек 2016
Махат Садық: 28 қыркүйекте Қазақ радиосы өзінің 95 жылдық ме...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...