ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

Нұржан Жалауқызы: Көрерменге билікті неғұрлым жақындату биылғы жылғы басты ұстаным болмақ (ФОТО, ВИДЕО)

09:22, 6 қыркүйек 2016

Бүгін Алматыда «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұсынған «Бұл – менің Қазақстаным!» атты жаңа телемаусым кеші өтуде. Зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан жаңа телемаусымның таныстырылымында сөз сөйлеген «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жалауқызы телеарна туындыларына тоқталды.

«Телевизияның хабарлары берілуіне қарай күнделікті, апталық және бір жолғы болып бөлінетінін білесіздер. Біздің күнделікті берілетін бағдарламаларымыз «Таңшолпаннан» басталып, «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаевпен»аяқталады. Оның арасында «Бірге таңдаймыз!» бен «Әйел бақыты»«Айтуға оңай...» бағдарламалары және бірнеше рет Жаңалықтар топтамалары өтеді. Әрбір жүргізушісін өздеріңіз жақсы танитын бұл бағдарламалар жаңа маусымда жалғасады. 

Көрерменге билікті неғұрлым жақындату биылғы жылғы басты ұстаным болмақ. Бұған апта сайын шығатын«Серпіліс», «Қоғамдық кеңес» және «Сұхбат» бағдарламалары дәлел болады.  

Елбасы ел алдына қойған бес институттық реформаны жүзеге асыру биылғы жылы да қызу жүріп жатыр. Оның ішіндегі ең маңыздысы - есеп беретін ашық мемлекет орнату. Бұл орайда қоғамдық кеңестер құруға назар аударылды. Қазір барлық аймақтарда, бүкіл мекемелерде осындай кеңестер жұмыс істейді. Мұнда талқыланған тақырыптар біздің апталық «Қоғамдық кеңес» атты жаңа бағдарламамыздың өзегіне айналады.

Ал, әркім өз көкейінде жүрген сауалға тура жауап алуы үшін осы айдан бастап «Сұхбат» атты тікелей эфирде өтетін бағдарлама ашып жатырмыз.

Биылғы маусымнан белгілі, талантты ақын Қалқаман Сарин жүргізетін «Ой-толғау» бағдарламасы эфирге шығады. Оған еліміздің екі танымал тұлғасы қатысып, көптеген сырларымен бөлісетін болады».

Жеке жобаларға да тоқталған Басқарма Төрағасы: «Телевизияны сынағандар көбінесе, «бұлар шетел жұлдыздарына табынғыш» деп жатады. «Қазақстан» Ұлттық арнасы өз төрін тек ұлтымыздың өнерлі, талантты тұлғаларына ұсынады. Биылғы маусымда «Ұлы дала баласы» атты жоба табысты жүріп жатыр. Онда әнші Төреғали ТөреәліҚазақстанның бірнеше аймақтарында болып, ел өмірінің жақсылыққа қарай өзгергеніне куә болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл арнайы жобамыздың рейтингі өте жоғары.

Ұлттық өнерге деген қамқорлықтың және бір көрінісі жақын күндері экранға жол тартатын «МузАРТ LIVE» жобасы. Ондаған жыл бойы баршаңызды әнмен тербеген бұл топтың мүшелері енді бүкіл қазақ даласынан өздері сияқты талантты жастарды іздейді.

Бірер сөз біздің отандық сериалдарға арналады. «Қазақстан» ұлттық арнасы бірнеше жыл бұрын  отандық сериалдарды түсіруге кірісті. «Сырғалым»«Қара шаңырақ»«Көк тарландары»«Аяулы арман»«Әпке» және басқа сериалдарымыз баршаңызға таныс болар»,-деді.

Тақырып бойынша материалдар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІ БОЛАТ БАҚАУОВ ЖӘНЕ ОҢІР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА ҚҰТТЫҚТАУ ТЕЛЕГРАММА КЕЛІП ТҮСТІ
20:01, 12 шілде 2018
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ...
Толығырақ...
«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қабылдау жалғасуда
16:26, 7 қараша 2016
«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қаб...
Толығырақ...
Махат Садық: 28 қыркүйекте Қазақ радиосы өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтеді
15:10, 8 қыркүйек 2016
Махат Садық: 28 қыркүйекте Қазақ радиосы өзінің 95 жылдық ме...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...