ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

Махат Садық: Қазақ радиосы 9 тілде хабар таратады

15:09, 8 қыркүйек 2016

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Ә.Абаевтың қатысуымен өтіп жатқан «Қазақстан» РТРК» АҚ кеңейтілген алқа отырысында Радиохабар тарату дирекциясының бас директоры – Қазақ радиосының директоры Садық Махат Қабірұлы 2016 жылғы 8 ай бойынша Радиохабар тарату дирекциясының жұмысын қорытындылады.

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ға қарасты Радиохабар тарату дирекциясы құрамында «Қазақ радиосы», «Шалқар» радиосы, «Астана» радиосы, «Classic» радиосы бар. Дирекцияның жалпы тәуліктік эфирі 78 сағат, апта сайын 343 түпнұсқадағы хабар шығады.

Радиода тек жаңалықтар емес, заман талабына сай  25 минут сайын әлеуметтік желілердегі жаңалықтар  іріктеліп, жылдам дайджест жасау міндетіне көшкен.

Жаңалықтар күн сайын әр жарты сағатта эфирге шығады. Тәулігіне -  34 ақпараттық шығарылым: олардың 17-сі қазақ тілінде, 17-сі орыс тілінде. 

«Қазақ радиосында 9 тілде хабарлар әзірленеді. Оның 75 пайызы қазақ тілінде, 22 пайызы орыс және 3 пайызы «Достық» хабарлары аясында өзге тілдерде. «Достық» хабарлары: неміс, ұйғыр, корей, түрік, татар, әзірбайжан тілдерінде өтеді. Сондай-ақ, ағылшын тілінде «Лучшие мировые университеты» хабары әзірленеді. Бұл Қазақ радиосының Назарбаев университетімен бірлескен жобасы болып табылады» - деді Радиохабар тарату дирекциясының бас директоры Махат Садық.

Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол Қазақ радиосында бірінші рет қазақ тілінде сұхбат берді. Норвегия елшісі Оле Йохан Берне, Испания елшісі Хосе Санс Серрано, Нидерланд елшісі Хэнри Дриссер, т.б. елшілер тікелей эфирге келіп, екі ел арасындағы байланыстар туралы айтты, Қазақстан туралы оң пікірлерін білдірді. Биылғы Наурыз мерекесінде 15 елші радиотыңдаушыларды қазақша құттықтады.

Тақырып бойынша материалдар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІ БОЛАТ БАҚАУОВ ЖӘНЕ ОҢІР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА ҚҰТТЫҚТАУ ТЕЛЕГРАММА КЕЛІП ТҮСТІ
20:01, 12 шілде 2018
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ...
Толығырақ...
«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қабылдау жалғасуда
16:26, 7 қараша 2016
«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қаб...
Толығырақ...
Махат Садық: 28 қыркүйекте Қазақ радиосы өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтеді
15:10, 8 қыркүйек 2016
Махат Садық: 28 қыркүйекте Қазақ радиосы өзінің 95 жылдық ме...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...