ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

Махат Садық: 28 қыркүйекте Қазақ радиосы өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтеді

15:10, 8 қыркүйек 2016

«Мерейтойға  өз елімізден және шетелден қонақтар шақырылуда. «Қазақстан» РТРК» АҚ-мен және Қазақ радиосымен әріптестік ынтымақтастық орнатқан шетелдік БАҚ-тың 20 шақты өкілі мен басшылары, отандық жетекші ақпарат құралдарының бас редакторлары, Қазақстандағы шетел дипломатиялық өкілдіктерінің 30 елшісі және мемлекеттік атқарушы билік өкілдері мен Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері, радиоардагерлері қатысады» - деді Радиохабар тарату дирекциясының бас директоры Махат Садық.

Сондай-ақ,  Қазақ радиосының 95 жылдығына орай мерейтойлық дискі-альбомы шығарылатынын атап өтті.

«2016 жылы 28 қыркүйекте Қазақ радиосының 95 жылдығын атап өту аясында Халықаралық ІV «Ұлы дала дауысы» халықаралық радиофестивалінің гала-концерті өткізіледі.

Бұған дейін Қазақ радиосында жыл сайын «Ұлы дала дауысы» Халықаралық радиофестивалі ұйымдастырылып келді. Мәселен, 2014 жылы Қазақстан, Түркия, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Латвия, Белоруссия, Украина елдерінен талантты өнерпаздар қатысып, олардың 20-сы лауреат атанды.

2012 жылы daladauysy.kaztrk.kz сайты арқылы үміткерлерге дауыс бергендер саны 2000 адам болса, 2014 жылы әлемнің 54 елінен 1 млн адам дауыс берді.

Биылғы «Ұлы дала дауысы» халықаралық радиофестивалінің гала-концертіне 18 орындаушы қатысады, оның 5-еуі шетелден келеді» - деді Қазақ радиосының директоры.

Тақырып бойынша материалдар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІ БОЛАТ БАҚАУОВ ЖӘНЕ ОҢІР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА ҚҰТТЫҚТАУ ТЕЛЕГРАММА КЕЛІП ТҮСТІ
20:01, 12 шілде 2018
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ...
Толығырақ...
«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қабылдау жалғасуда
16:26, 7 қараша 2016
«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қаб...
Толығырақ...
Махат Садық: Қазақ радиосы 9 тілде хабар таратады
15:09, 8 қыркүйек 2016
Махат Садық: Қазақ радиосы 9 тілде хабар таратады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...