ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

Қытайда туризм мен шағын бизнес қатар дамып келеді

15:53, 12 қаңтар 2016

Жақсыны үйренбек керек, деген бар. Мәселен, көрші Қытай елінде шағын және орта бизнес, туризм салаларын дамыту арқылы дағдарысты еңсеруге болатынына көз жетіп отыр. Әрине, кәсіпкерліктің ел экономикасына тиімді әсері арнайы қабылданған заңдар мен дайындалған бағдарламалардың арқасы. Бұдан бөлек бүкіл қытайлық жетекші жұмысшы тобы, шетелдермен ынтымақтастықты үйлестіру орталықтары, кәсіпкерлік және туризммен айналысатындарды ынталандыратын ұйымдар құрылған. Халқы көп, алға адымдаған алып елдегі тәжірибе жайлы меншікті тілшіміз Болат Аманбаевтың дайындаған арнайы материалында.

 

Не көп, Қытайда дүкен көп. Азық-түлік пен киім-кешекті кез-келген жерден ала беруге болады. Үлкен  қалалардың іргесіндегі шағын елді мекендерде де осы. Коммуникация тартылысымен бірінші қабат дүкен, одан кейін барып баспана салынады. Бос жатқан жер жоқ. Алды дүкен, арты жылыжай, банан, темекі алқаптары. Тіпті, таудың етегін де өңдейді.

Қытай  қазір астық, мақта, рапс,темекі, шай және жеміс түрлерін өсіруден әлемдегі озық елге айналды.

 

Қытайлық шаруа

-Жыл бойына банан өсіреміз. Біраз бөлігін осы жерде сатып ақша қылып отырмыз ғой. Негізі өнімді қалай өткізу біздің шаруамыз емес. Көтерме бағамен сатып әкетіп, экспортқа дайындайтын кәсіпорындар бар.

-Қытайлық шаруа   

-Алдын-ала тапсырыс аламыз. Келісілген мөлшерде өнім жинай алмасақ өзімізге қиын. Жылыжай сол үшін қажет. Ттамшылатып суару әдісі арқылы өнімділікті екі-үш есе арттыруға болады.

 

Кезінде әскери порт болған аралдағы Сямын қаласында ауыл шаруашылығы мен қатар туризм қатты дамыған.

 

БОЛАТ АМАНБАЕВ-ТІЛШІ

-Қытайдың Тулоу туристік аймағында тұрмыз. Бір қызығы өткен ғасырдың 80-ші жылдарына дейін бұл жер картада болмаған. Яғни, қытайлықтардың өздері білмеген. Өйткені, тар тау шатқалында орналасқан. Оны алғаш рет Америкалықтар ашыпты.

 

Олар алғашқыда Қытайдың жасырын барлау жүйесі анықталды-деп жар  салмақ болады. Себебі, бұндағы нысандар бункерге ұқсас, дөңгелентіп салынған. Кейін барып Хакка деп аталатын ұлыстар қоныстанған, үш ғасыр бұрын салынған қорғандар екені белгілі болды.Қазір мұнда мұражай.

 

ФЭН ВЭН ЛУН-МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ

-Күн сайын бес мыңнан аса адам келеді. Орта Азия мемлекеттерінен, Еуропадан туристер көп  келіп жатыр. Осы жерде жергілікті қолөнер шеберлеріне тегін орындар берілді. Олар өз бұйымдарын сатып, табыс табады.Ал, Хакка ұлысының ұрпақтарымен жолыққысы келетін адамдар оларды егін алқаптарынан табады.

 

Туристер де, кәсіпкерлер де әр тараптан  келіп-ақ жатыр. Бірақ оларға аудармашы тауып беру немесе білгенінше өзге тілде түсіндіріп жіберуге деген ұмтылыс жоқ.

Болат Аманбаев Виталий Голотин ҚҰТ-сы Қытайдың Сямын қаласынан.     

Болат АМАНБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІ БОЛАТ БАҚАУОВ ЖӘНЕ ОҢІР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА ҚҰТТЫҚТАУ ТЕЛЕГРАММА КЕЛІП ТҮСТІ
20:01, 12 шілде 2018
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ...
Толығырақ...
«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қабылдау жалғасуда
16:26, 7 қараша 2016
«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қаб...
Толығырақ...
Махат Садық: 28 қыркүйекте Қазақ радиосы өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтеді
15:10, 8 қыркүйек 2016
Махат Садық: 28 қыркүйекте Қазақ радиосы өзінің 95 жылдық ме...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...