ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

«Қазақстан» телеарнасында «Ұлы дала баласы» атты реалити-шоу басталады

16:13, 20 маусым 2016

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 11 шілдеден бастап, өз көрермендеріне жаңа реалити-шоу ұсынады. «Ұлы дала баласы» атты жобаның басты кейіпкері - әнші Төреғали Төреәлі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 100 нақты қадам - Ұлт жоспары мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды насихаттау  және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қолға алынған тележобаның түсірілім жұмыстары еліміздің 9 қаласында жүргізіледі.

Олар: Астана, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Тараз, Қызылорда және Шымкент.

Жобаның тұсаукесері 23 маусымда Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өтеді.

Әрбір қаладағы кеш тізгінін телеарна жұлдыздары Дана Нұржігіт, Гүлмира Дайрабаева, Ләйлә Сұлтанқызы, Бейсен Құранбек, Нұрлан Қоянбаев, Жансерік Бейсеев, Нұрбигүл Сағындыққызы, Ерке Есмахан және Тәуекел Мүсілім ұстайды.

Жоба барысында еліміздің танымал  сахна саңлақтары өнер көрсетеді. 

Жазғы маусымда ұсынылар ерекше тележоба әрбір қазақстандықты патриотизмге тәрбиелей отырып, ұмытылмас әсер сыйлайды.

Тақырып бойынша материалдар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІ БОЛАТ БАҚАУОВ ЖӘНЕ ОҢІР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА ҚҰТТЫҚТАУ ТЕЛЕГРАММА КЕЛІП ТҮСТІ
20:01, 12 шілде 2018
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ...
Толығырақ...
«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қабылдау жалғасуда
16:26, 7 қараша 2016
«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қаб...
Толығырақ...
Махат Садық: 28 қыркүйекте Қазақ радиосы өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтеді
15:10, 8 қыркүйек 2016
Махат Садық: 28 қыркүйекте Қазақ радиосы өзінің 95 жылдық ме...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...