ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

«Қазақстан-Петропавл» телеарнасының журналисі Фариза Жазитова «Есілдің еркесі» байқауында алда келеді

17:58, 16 мамыр 2016

«Қазақстан»РТРК» АҚ Байланыс және ақпарат саласы мамандарының күніне орай аймақтық филиалдарының қызметкерлері арасында байқау ұйымдастыруда. Байқау екі кезеңнен тұрады. Қазіргі кезде алғашқы айналымның ережесіне сай, телеарна ұжымдарының арасында сайт арқылы дауыс беру жүргізілуде. Бүгін «Қазақстан-Петропавл» телеарнасы өткізіп жатқан «Есілдің еркесі» байқауының алдын ала нәтижелерін ұсынамыз. Арна қызметкері Фариза Жазитова көрермендер мен интернет қолданушылардың 487 дауысына ие болып, алдыңғы қатарға шықты. Екінші орында 435 дауыспен  «Таңғы шай» сазды-ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі Самат  Сапаралы тұр. Тікелей эфирдегі таңғы бағдарлама жүргізушілерінің бірі Балжан Бекмағамбетова 354 дауыспен үшінші орында келеді. Дауыс берудің аяқталуына 8 күн қалды. Байқауға атсалысамын десеңіз, http://vote.kaztrk.kz/15/ сілтемесі арқылы өтіп, арнаның өзге де қызметкерлеріне дауыс бере аласыз. Айта кетейік, алғашқы айналым қорытындысы 20 мамырда шығарылады. Жергілікті журналистер арасынан үздік шыққандар 21 мамыр мен 26 маусым аралығында өтетін республикалық байқауда бақ сынау мүмкіндіге ие болады. «Есілдің еркесін» бірге анықтайық! 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІ БОЛАТ БАҚАУОВ ЖӘНЕ ОҢІР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА ҚҰТТЫҚТАУ ТЕЛЕГРАММА КЕЛІП ТҮСТІ
20:01, 12 шілде 2018
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ...
Толығырақ...
«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қабылдау жалғасуда
16:26, 7 қараша 2016
«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қаб...
Толығырақ...
Махат Садық: 28 қыркүйекте Қазақ радиосы өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтеді
15:10, 8 қыркүйек 2016
Махат Садық: 28 қыркүйекте Қазақ радиосы өзінің 95 жылдық ме...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...