ШҰҒЫЛ! ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ұжымы арасында өтіп жатқан «Арқа арнасының келбеті» байқауы жалғасуда

16:07, 13 мамыр 2016

Байланыс және ақпарат саласы мамандарының күніне орай «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ұжымы арасында өтіп жатқан «Арқа арнасының келбеті» байқауы жалғасуда.

Алғашқы кезеңнің аяқталуына 6 күн қалды. Бүгін жұртшылық назарына дауыс берудің алдын ала нәтижелерін ұсынамыз.

Жаңалықтар бөлімінің аға редакторы Асылбек Тойбеков бүгінге дейін көрермендер мен интернет қолданушылардың 1025 дауысына ие болған.

Ал, телеарна эфирінен әр жұма сайын шығатын «Арена» хабарының  авторы әрі жүргізушісі Ботабек Тілегенов1012 дауыспен тізімнің екінші сатысында тұр. Бағдарламалар бөлімінің редакторы Әділбек Құмарұлы бір айға жуық уақыт ішінде 449 дауыс жинаған.

Арна қызметкерлеріне әрі қарай қолдау білдіремін десеңіз, http://vote.kaztrk.kz/09/ сілтемесі арқылы өтіп, дауыс бере аласыз.

Айта кетейік, жергілікті журналистер арасынан үздік шыққандар 21 мамыр мен 26 маусым аралығында өтетін республикалық байқауда бақ сынайды.

Онда «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның аймақтардағы өкілдіктерінің арасындағы бас жүлде - Гран-при иегері анықталады. Жеңімпаз бен І,ІІ,ІІІ орын жүлдегерлері корпорация басшылығының арнайы дайындаған дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Тақырып бойынша материалдар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІ БОЛАТ БАҚАУОВ ЖӘНЕ ОҢІР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА ҚҰТТЫҚТАУ ТЕЛЕГРАММА КЕЛІП ТҮСТІ
20:01, 12 шілде 2018
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ...
Толығырақ...
«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қабылдау жалғасуда
16:26, 7 қараша 2016
«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қаб...
Толығырақ...
Махат Садық: 28 қыркүйекте Қазақ радиосы өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтеді
15:10, 8 қыркүйек 2016
Махат Садық: 28 қыркүйекте Қазақ радиосы өзінің 95 жылдық ме...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
09:51, 7 қараша 2019
ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...