ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

Е.Мұхамеджанов: Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың іргелі 5 реформасын басшылыққа алып отырмыз

15:03, 8 қыркүйек 2016

Бүгін «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен өткен «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның кеңейтілген алқа мәжілісінде Корпорацияның Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының директоры Еркін Мұхамеджанов осылай деді.

Оның сөзінше, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы тұтас жұмысының бағыты ретінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың іргелі 5 реформасын басшылыққа алып отыр. Яғни, Корпорация мемлекеттік саясатты ақпараттық тұрғыдан насихаттауда. Сондай-ақ, мемлекет өміріндегі маңызды мәселелер мен өзекті оқиғалар да баста назарда.

«Нақтырақ айтқанда, қазан айынан бері Корпорацияның «Жаңалықтар» топтамасы «Кaznews» деген атауға өзгертіліп, ребрендинг жасалды. Негізі «news» бренді әлемдік сипат алғаны баршаға аян. Бұған LifeNews, Foxnews секілді телеарналарды көптеп мысалға келтіруге болады»,-деді Е.Мұхамеджанов.  

Сондай-ақ оның айтуынша, «TNS Central Asia» зерттеу орталығы жүргізген  сараптама бойынша 6+ аудиториясы бойынша «Кaznews»-тің үлесі 2015 жылдан бастап  2,8-ден 3,7 пайызға көтерілді. Яғни, өсім 33 пайызды құрап отыр. Ал, рейтинг   0,33-тен  он сатыға жоғарылап, 0,43 пайызды көрсетті. Тұтастай алғанда өсім 31 пайызды көрсетіп отыр. Басқаша айтқанда, жаңалықтардың сипатын түрлендіру, жүйелеу және сапаға күш салу арқылы «Кaznews» қадамдап алға жылжып келеді.

Осыған дейін «Өзекжарды» деген атаумен белгілі болып келген пікір алаңы «Сұхбат» болып өзгерді. Осы «Сұхбат» форматының көрсетілімін ұлғайту үшін  «Кaznews» топтамасын да эфирге қойдық. 2015 жылдың 22 қыркүйегінде «Өзекжарды» атауы өзгерген «Сұхбаттың»  үлесі 1,1 пайыз еді. Қазір ол бірте-бірте 2,7-ге өсіп,  рейтинг 0,13-тен 0,51 пайызға жылжып, үш есе жоғарылады.

Жалпы алғанда «Сұхбат» - үлкен мәселелер талқыланатын алаң. Бұл алаңда 2016 жылдың 8 айында 108  тұлға өз пікірлерін білдірді.  Бұл ретте АҚШ Президентінің Кеңесшісі - Артур Лаффер, Жапония  Сыртқы істер вице-министрі - Мотоме Такисава, Нобель сыйлығының лауреаты - Томас Сарджент, Ауғанстанның экс-президенті Хамид Карзай секілді ірі спикерлердің, елшілер мен экономистердің тағы да басқа маңызды тұлғалары Ұлттық телеарнаның студиясының қонағы болды.    

Тағы айта кететін мәселе,  7  қыркүйектен бастап  «Сұхбат» алаңына министрлер келіп,  тікелей эфирде қарапайым халықтың телефон және интернет арқылы жолдаған сауалдарына жауап береді. Бұл бастама апта сайын өзге министрлермен жалғасын табады»,-деді дирекция директоры.  

Бұған қоса ол «Кaznews»  қызметі мемлекеттік деңгейдегі іс-шаралар мен қоғамға маңызды оқиғалардан 3G, 4G  желісіне қосылып,  мобильді тасымал кешені арқылы сондай-ақ, телевизиялық жылжымалы станция арқылы тікелей эфирлер, арнайы шығарылымдар  ұйымдастырылғандығын атап өтті.

Тақырып бойынша материалдар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІ БОЛАТ БАҚАУОВ ЖӘНЕ ОҢІР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА ҚҰТТЫҚТАУ ТЕЛЕГРАММА КЕЛІП ТҮСТІ
20:01, 12 шілде 2018
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ...
Толығырақ...
«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қабылдау жалғасуда
16:26, 7 қараша 2016
«Жыл таңдауы - 2016» кәсіби шеберлік конкурсына жұмыстар қаб...
Толығырақ...
Махат Садық: 28 қыркүйекте Қазақ радиосы өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтеді
15:10, 8 қыркүйек 2016
Махат Садық: 28 қыркүйекте Қазақ радиосы өзінің 95 жылдық ме...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...