ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ЖАЗА МЕРЗІМІ ҚЫСҚАРТЫЛАДЫ

11:33, 27 ақпан 2020

Павлодар облысының түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 752 адам мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін. Өйткені, ҚР Қылмыстық Кодексіне толықтырулар мен өзгертулер енгізілген.

Бұл жолғы сот отырысында жазасын өтеуші 6 адамның ісі қаралды. Сот үкімі шыққаннан кейін абақтының арғы жағындағы біраз сотталғандардың жаза мерзімі қысқартылды. Мәселен, Ерлан Қасымов бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс атқарған. Ол алаяқтық фактісі бойынша бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық Кодекске енгізілген өзгертулер бойынша оның жаза мерзімі 2 айға қысқартылды.

Ерлан Қасымов, жазасын өтеуші:

9 миллион штраф деді немесе 3 жылға деді. Енді 9 миллион төлей алмадым да, 3 жылға отырғызды. Президентімізге рахмет, осылай бостандыққа шығуға жеңілдік беріп жатқанына, ертерек шығуға көмектескеніне.

Қазіргі таңда тергеу изоляторында 30 адам қамауда отыр. Оның 19-ның мерзімін қайта есептеу туралы материалдары сотқа жіберілген. Мұндай жаңашылдық темір тордың ар жағындағы сотталушының жағдайын жақсарта түседі дейді мамандар.

Әділхан Қапышев, АП 162/1 түзету мекемесінің бастығы:

Қауіпсіздік ережесі орташа түзету мекемесінде жазасын өтеуге сотталған тергеу изоляторындағы азаматтардың 1 күні 1,5 күн болып есептеледі. Ал колониядағыларға 1 күн 2 күн болып жазылады. Осылайша, жаза мерзімі қысқартылады.

Түзету мекемесі басшысының айтуынша, тағы да 3 сотталушының мерзімі сот шешімі бойынша қысқартылды.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУ НАРЫҒЫНДА ДҮРЛІГУ БАЙҚАЛМАДЫ
11:22, 16 наурыз 2020
ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУ НАРЫҒЫНДА ДҮРЛІГУ БАЙҚАЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...