ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУ НАРЫҒЫНДА ДҮРЛІГУ БАЙҚАЛМАДЫ

11:22, 16 наурыз 2020

Өңіріміздегі екінші деңгейлі банктер мен айырбастау қосындары әдеттегі режимде жұмыс істеп тұр. Ешқандай әбігерге түсу немесе дүрлігу байқалмайды. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовпен кездесу барысында, қаржы секторының өкілдері мәлімдеді.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында 120-ға жуық айырбастау қосындары  валюталық операциялар жасайды. Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайды бақылайды. Әйтсе де, мемлекеттік органдар жергілікті жерлердегі қаржы секторымен өзара іс-қимыл жасауы тиіс, дейді Әбілқайыр Сқақов.  Бұл туралы әкім екінші деңгейлі банк филиалдарының басшыларымен өткізген кеңесте тілге тиек етті.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Алда бізде демалыс күндері. Осы демалыс күндері KASE биржасында сауда-саттық жабылады. Біздің ортақ міндетіміз дүргігуге жол бермеу. Аймақта жұмыс істейтін шұғыл әрекет ету штабының жұмысы аясында бұл мәселені біз күн сайын бақылайтын боламыз.

Аймақ басшысы, банктегі фронт-кеңселерде адамдармен сөйлесіп, халық арасында үрей туғызбау үшін орын алып жатқан жағдайды түсіндіруді тапсырды. Қаржы секторының өкілдері де облыстағы айырбастау пункттерінде дүрлігу байқалмайтынын және валютаның жеткілікті екенін айтады.  

Анатолий Бойчин, «Қазақстан халық банкі» АҚ ПОФ төрағасы:

Шет ел валютасына деген сұраныс пен дүрлігу облыстағы айырбастау қосындарында жоқ. Біз жағдайға күнделікте мониторинг жасап отырамыз. Қажетті көлемдегі валюталармен толықтай қамтамасыз етілген. 

Аймақ басшысы банк филиалдарының басшыларымен және валюта айырбастаушылармен кезекті кездесуді 10 күннен кейін өткізеді. Мамандардың болжамынша, валюта нарығындағы жағдай тұрақтануы тиіс.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...