ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ТАРИХҚА БАЙ АУМАҚ

10:17, 21 ақпан 2020

«Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында Железин ауданының 2019 жылға арналған жобалар тізім жасалып, 8 жоба енгізілген. Арнайы жобалар бойынша демеушілер мен меценаттардың қаражаты 2 миллион 400 мың теңгені құраған.

2019 жылы жоба аясында ауданда неолит дәуірінің тұрақтары «Пеньки – 1», «Пеньки – 2» және «Золотая Грива» қорғаны сияқты киелі орындарға ескерткіш тастар орнатылды. Мектеп оқушылары үшін осы жерлерге экскурсия ұйымдастырылды. Сондай-ақ аламан, тоқ және құнан бәйге бойынша ат жарысы өткізілді. Железин ауданында сегіз жыл бойы құнан бәйге, аламан бәйге өткізілмеген. Бұл - ұлттық дәстүр. Ұлттық спорт ойындарының тізімі кеңейтіліп, кейін бағдарламаға өзге де ұлттық дәстүрлерді қосу жоспарда бар. Сонымен қатар, «Ұлы даланың Ұлы есімдері» жобасы шеңберінде 18-ші ғасырдың батыры, қолбасшы Дербісәлі Наурызбайұлының жерленген жері табылып, қайта қалпына келтірілді. Сондай-ақ, ескерткіш тас орнатылды. Жалпы, аудан аумағынан 17 батырдың бейіті табылған. Қазіргі таңда зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қанат Кашкиров, Железин ауданының әкімі:

Біз қазіргі таңда,  осы қасиетті жерлерді білдіретін тастар орнатып жатырмыз. Сондай-ақ, өткен жылы естіген шығарсыздар, Дербісәлі батырдың жатқан жерін таптық. Жалпы Железин ауданы тарихқа бай аумақ. Тарихты зерттейміз және болашақта біз осы бағытты дамытумен айналысамыз.

2020 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасын табады. Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша 4 негізгі жоба қолға алынып отыр.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУ НАРЫҒЫНДА ДҮРЛІГУ БАЙҚАЛМАДЫ
11:22, 16 наурыз 2020
ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУ НАРЫҒЫНДА ДҮРЛІГУ БАЙҚАЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...