ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ШАҺАР БЮДЖЕТІ АЛТЫ ЖАРЫМ МЛРДҚА АРТТЫ

18:37, 15 тамыз 2019

Павлодар қаласының бюджеті алты жарым миллиардтан артық теңгеге ұлғайды. Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар облыс орталығының қазынасына енгізілген өзгерістерді бір ауыздан мақұлдады.

Павлодар қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджетіне өзгертулер енгізіліп, трансферттердің бекітілген көлемдері 6 млрд 665 млн 774 мың теңгеге ұлғайды. Осылайша, 2019 жылға арналған облыс орталығының қазынасы 85 миллиард 817 миллион 772 мың теңгені құрап отыр. Көбінесе бюджет өсімдері білім беру, жұмыспен қамту, денешынықтыру және спорт, сәулет және қала құрылысы салаларында көрініс берді. Қалаға қарасты ауылдардың да бюджетінде өзгерістер бар.

Қанат Қапуов, Павлодар қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы:

Қалаға қарасты елді-мекендердің бюджеттеріне де 20 миллион 125 мың теңгенің трансферттік өзгерістері енгізілді. Соның ішінде Жетекші ауылының бюджетіне 5 миллионна артық теңгенің өзгерісі енді. Павлодарское ауылының бюджетінде 20 миллионнан артық өзгеріс бар.

Ал, керісінше қаржы үнемдеудің арқасында Ленин кентінің бюджеті 5 миллион теңгеге азайған. Жалпы алғанда ауылдық елді мекендер бюджеттерінің нақтыланған көлемі 854 млн 144 мыңды құрады. Шаһар қазынасына енгізілген өзгерістерді мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ     

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ  ДЕПУТАТТАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
18:43, 17 шілде 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ДЕПУТАТТАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
Толығырақ...
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН НЕСИЕЛЕНДІРУГЕ 2,3 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
11:27, 4 ақпан 2019
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН НЕСИЕЛЕНДІРУГЕ 2,3 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАС...
Толығырақ...
Переселенцы из южных и западных регионов Казахстана должны прибывать в те места, где созданы условия для их адаптации к нашему региону.
11:45, 6 наурыз 2018
Переселенцы из южных и западных регионов Казахстана должны п...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...