ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН НЕСИЕЛЕНДІРУГЕ 2,3 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

11:27, 4 ақпан 2019

Биылғы жылы Елбасының бес бастамасы аясында Павлодарда 370 шағын несие беру жоспарланған. Бұған облыстық бюджеттен 2 миллиардттан астам қаражат қарастырылып отыр. Оның 1 млн 800 мыңы ауылдық жерде, ал, қалған 540 млн теңгесі қалалықтарға берілмек.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әлия Арынова былтырғы жылы 451 шағын несие үлестіру үшін 2,2 миллиард теңге бөлінгендігін тілге тиек етті. Оның 43-і қалада, 408-і ауылдық елді-мекендерде таратылды. Сонымен қатар шағын бизнес бастауға 288 несие берілген.

ӘЛИЯ АРЫНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Шағын несиелеу аясында шағын бизнесті дамыту үшін 439 адам несие алып, 601 адамды жұмыспен қамтыды. Биылғы жылы 2,3 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде. Оның 1 млн 700-нан астамы қалалы жерде, қалғаны ауылдық кәсіпкерлерге беріледі. 

Жоспарда тұрған несиелеу саны 370, оның 68-і старт-ап жоба. Облыс әкімінің орынбасары Жайық Шарабасов, тұрғындар үшін шағын несие алу шарттары қолайлы екендігін айтты.

ЖАЙЫҚ ШАРАБАСОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Биылғы жылдың өзінде АЕК 5 жылға өсуіне байналысты 16 млн теңге бөлінді.  

Аймақ басшысы қалалықтар бөлінген қаражаттарды нашар иегеретіндігін алға тартты. Былтырғы жылы Ақсу қаласы бойынша шағын несиелеу бойынша бір ғана жоба жүзеге асырылған. Болат Бақауов несиелеу жұмыстарының қарқынды жүргізілуін қадағалауды жүктеді.

Сонымен қатар көлеңкелі бизнес мәселесі де көтерілді. Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Ғалия Нұрсиханова, қазіргі таңда онлайн кассалық-бақылау аппаратын енгізу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын баяндады.

ҒАЛИЯ НҰРСИХАНОВА, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

1-қаңтардан бастап кассалық-бақылау аппаратын 17 бағын бойынша енгізу жоспарланған. Жыл соңына дейін барлық салық төлеушілер кассалық-бақылау аппараттарын қолданысқа енгізуге міндетті. 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап, барлық қатысушылар есеп-қисаптың электронды нұсқасына көшеді. Жыл басынан бері өтінім білдіргендер 99 пайызды құрайды. 

Сонымен қатар Қытайдан бағыт алған контробанданың алдын-алу шаралары да жүргізілуде.

ҒАЛИЯ НҰРСИХАНОВА, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Бүгін ғана жиналыс өткізілді. Көлеңкелі айналымның алдын-алуға қатысты тексеру жұмыстары жасалады. Статистикаға сүйене отырып, Қытайдан келетін тауарлар Қазақстанда айалымға түсуі үшін салықтық тексеру жүргіземіз. 

Облыс әкімі аталмыш бағыттағы жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.


Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ  ДЕПУТАТТАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
18:43, 17 шілде 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ДЕПУТАТТАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
Толығырақ...
Переселенцы из южных и западных регионов Казахстана должны прибывать в те места, где созданы условия для их адаптации к нашему региону.
11:45, 6 наурыз 2018
Переселенцы из южных и западных регионов Казахстана должны п...
Толығырақ...
Аким города Аксу отчитался перед населением о проделанной работе
15:55, 7 ақпан 2017
Аким города Аксу отчитался перед населением о проделанной ра...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...