ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ӨҢІР БЮДЖЕТІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛЕДІ

14:02, 18 наурыз 2020

Өңірдің бюджетіне өзгертулер мен түзетулер енгізілді. Осылайша, үнемделген қаржы екі миллиард теңгеден асып отыр. Бюжетке енгізілген өзгертулер мен түзетулердің нәтижесінде қазір аймақ қазынасы 231,6 миллиард теңгені құрады. Осы қаржының 836 миллион теңгесі өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалады.

Өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған 800 млннан астам қаржының ішінде 50 педагогқа берілетін «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгі иелеріне берілетін бір реткі сыйақы бар. Сондай-ақ, мектептерді кезең-кезеңімен кешенді жаңартуға да осы қаражаттан ақша бөлінеді. Оған Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларындағы бірқатар білім ошақтарына жөндеу жүргізіліп, жабдықталады. Өңір бюджетінде өзгерістер бар. Үнемделген қаражат екі млрддан асады.

Мақсат Тұрлыбаев, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2,1 млрд теңгені үнемдеп отырмыз. Оның 1,2 млрд теңгесі жобалар бойынша, кейінге қалдырылатын жобалар бойынша қарастырылып отыр. Және 900 млн теңге ол қазіргі уақытта тиімді емес шығыстарды біз оңтайландырып отырмыз.

18 дәрігер маманның шет елден білім алып тәжірибе жинақтауы үшін 123 млндай теңге қарастырылған. Ал, Еріктілер жылына деп 30 млн теңге жұмсауды жоспарлап отыр. «Ауыл –Ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға 10 млрдттан артық қаржы бөлу көзделген. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты тағы да қосымша шаралар қарастырылған.

Мақсат Тұрлыбаев, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

Төтенше жағдай кешеден бастап жүзеге асырылып отыр. Бүгін Үкімет отырысында жаңадан шаралар қабылданды. Оның барлығын біз ескеріп, енді өз бюджетімізді қайтадан қарастыратын боламыз.

20-наурызда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтеді. Сол жиында өзгертулер мен түзетулер енгізілген өңір бюджетін облыстық мәслихаттың депутаттары талқылайтын болады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар