ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

11:13, 17 ақпан 2020

Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың халық алдында есеп беру кездесуі болып өтті. Келелі жиында 2019 жылы атқарылған шаруалар қорытындыланып, 2020 жылдың жоспары жарияланды. Қандай өзекті мәселелер талқыланды? Биылғы жылғы мақсат қандай?

Павлодар елдегі ірі индустриалды аймақ. 2019 жыл Ертіс-Баян өңірі үшін табысты жыл болды. Себебі былтыр өңір экономикасы 3 пайызға артқан. Ал өндірістік өнім көлемі екі трлн теңгені құрады. Өңірге тартылған инвстиция көлемі де жоғары. Облыс экономикасына 495 млрд теңге тартылған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 16 пайызға артық. Оның 80 пайызы жекеменшік кәсіпкерлер есебінен. Ал, 2020 жылы аймақта 8 жобаны жүзеге асырып, 1000-нан астам жұмыс орынын ашу көзделген. Осы жоспарды жүзеге асыру үшін халық пен билік етене жақын жұмыс жасау керек, - дейді, Әбілқайыр Сқақов.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Облыс әкімдігіне қойылған басты міндет – аймақ тұрғындарының өмірін жақсарту. Сондықтан осы мақсатпен арамызда тұрақты диалог құруды ұсынамыз. 

Сонымен қатар, өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары да белсенді. Шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 16,8 пайызға дейін артқан. 2019 жылдың соңғы тоғыз айының қорытындысы бойынша өндірілген өнім көлемі 607 млрд теңгені құрады. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан «Орталық-Шығыс» дәлізіның құрылыс жұмыстары шарықтау шегінде тұр. Талапқа сай тас жолдар көрсеткіші 82,6 пайыз. Биыл 85 пайызға дейін көтеру алға қойылған. Демек, 425 шақырым жол ретке келтірілмек. Ал, тұрғын үй мәселесі қоғамдағы өзектілігін еш жоғалтпақ емес. Доңыз жылында 332,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 2018 жылмен салыстырғанда 17 пайызға артық. Биыл «Нұрлы жер», «Нұрлы ертіс» бағдарламалары аясында жүргізілетін құрылыс жұмыстарына бюджеттен 54,5 млдр теңге қарастырылып отыр.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Облыс тұрғындарын қандай сұрақтар мазалайды?! Біріншіден баспана. Әрбір үшінші арыз баспана туралы. Кезекте тұрған адамдардың саны 27 мыңнан асады. Бұл бір екі жылда шешілетін мәселе емес. Дегенмен оны жоспарлы рационалды жолмен шеше отырып, кезекті тезірек жылдытуға болады. Баспанаға мұқтаж кімдер? 10 адам бюджеттік сала және мемлекеттік сала қазметкерлері. Олар жұмыспен қамтылған. Әрине, бәрінің мүмкіндіктері бірдей емес. Бірақ көп жағдайда олардың тұрғын ұүй бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері бар.

Бұдан бөлек, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасын аттап өткеніміз жарамас. Бұл бағытта атқарар шаруалар шаш етектен. Тағы 18 елді-мекендегі әлеуметтік маңызы бар нысандар жөндеуден өтіп, таза ауыз су мәселесі де шешім таппақ. Тұрғындардың сауалына тоқталсақ. Сұрақтар сан алуан бағытта болды. Бірақ, көптің көңіліндегі сауалдар қатарында алуыдық жерлерге қатыстылары да кездесіп жатты. Ал, тіл мәселеліс ешқашан өзектілігін жоғалтпақ емес.

Дәлелхан Әбдіхалық, қала тұрғыны:

Біздің өңірде әлеуметтік мәселеміз әлді деп білеміз. Тұрмыстық жағдаймыз тұрақты. Бір ғана мәселеміз ақсап тұрады. Ол біздің мемлекеттік тілдің аясының тарлығы.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Біз мемлекеттік қызметте жұмыс жасағанда біздің еңбегіміз халық үшін. Бұл бірден. Сіз көтерген сұрағыңыз мемлекеттік тілді дамыту мәселелері. Әрине өте маңызды сұрақ. Біз баршамыз осы мәселені іске асыру үшін көңіліміз, назарымызды аудару керекпіз. Әрине өзімізден бастау керекпіз. Мемлекеттік мекемеден бастау керекпіз, балабақшадан бастау керекпіз. Әр қоғамдық көліктің ішінде, әр ақпарат ол екі тілде мемлекеттік тілде ерекше болу керек.

Биылғы жылғы жоспар көп. Сондықтан, жоспарлап қана қоймай, білек сыбана іске кірісу керек, - дейді, аймақ басшысы.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУ НАРЫҒЫНДА ДҮРЛІГУ БАЙҚАЛМАДЫ
11:22, 16 наурыз 2020
ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУ НАРЫҒЫНДА ДҮРЛІГУ БАЙҚАЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...