ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ӘКІМ ШАҒЫН АУДАНДАРДАҒЫ ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

11:16, 17 ақпан 2020

Кеше түстен кейін облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қаланың бірқатар мөлтек аудандарында болып, қар шығару, көктемгі су тасқынына қарсы шаралар және инженерлік желілер тарту жұмыстарымен танысты. Шағын аудандарды 5-ші наурызға дейін қардан тазартуды тапсырды.

Өзінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімхановты қасына ерткен Әбілқайыр Сқақов, алдымен Екінші Павлодар аумағына барып, көктемгі су тасқынына қарсы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Екінші Павлодардың шеткі көшелеріндегі жер үйлер жыл сайын жерасты және қарғын судың зардабын тартатыны белгілі. Сондықтан да әкім, қарды наурыз айының алғашқы аптасына дейін шығаруды тапсырды. Сондай-ақ, Екінші Павлодар аумағында кәріз жүйесін тарту жоспары бар. Бұл жерасты суларының ағып кетуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, кәріз жүйесі Зеленстрой шағын ауданына да тартылатын болады. Мұндағы 14 көшеге жалпы ұзындығы тоғыз шақырым кәріз тартылады. Ал, Радиозавод мөлтек ауданына жылу магистралі тартылмақ. Осы жобалармен танысқан Әбілқайыр Сқақов, әр жобаның жүзеге асырылуына жіті бақылауды қала әкіміне тапсырды.     

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУ НАРЫҒЫНДА ДҮРЛІГУ БАЙҚАЛМАДЫ
11:22, 16 наурыз 2020
ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУ НАРЫҒЫНДА ДҮРЛІГУ БАЙҚАЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...