ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТКІШ АППАРАТЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

19:18, 11 шілде 2020

Қазіргі кезде коронавирус індетімен науқастар саны күрт көбейіп барады. Осыған байланысты, ауруханаларда өкпені жасанды желдету аппаратына қажеттілік туындап отыр. Медициналық мекемелер, жағдайына қарай құрылғыны сатып алып жатыр. Бірақ оның бағасына қатысты сұрақтар туындады.

Әлеуметтік желіде №1 қалалық ауруханасы өкпені жасанды желдету аппаратын 78 миллион теңгеге сатып алмақшы деген ақпарат пайда болды.  Онда бір аппараттың құны 26 миллион теңге делінген. Сондай-ақ, хабарламада Семейде 26 өкпені аппаратты 15,5 миллион теңгеге, ал Ақмола денсаулық сақтау басқармасы 60 аппаратты 37,2 миллион теңгеге алды деп жазған. Бір құрылғының құны 620 мың теңгені құрайды. Осы жағдайға байланысты аталмыш аурухананың бас дәрігері аппараттардың стационарлық екенін түсіндірді.

Нұрлан Жұмажанов, №1 қалалық аурухананың бас дәрігері:

Өкпені жасанды желдету аппараттары әртүрлі болады. Біз алатын құрылғылар стационарлық. Ал, жоғары айтып отырғандар тасымалдауға арналған. Яғни төтенше жағдай кезінде жедел жәрдем көлігімен тасымалдауға арналған.  Олар 10 минут пен жарты сағатқа дейін жұмыс істейді. Ең ұзақ дегенде балалар үшін 50 минутқа дейін.  

Айта кетейік, аталмыш аппарат тіпті КВИ-мен ауырғандарға маскамен тыныс алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, №1 қалалық ауруханада инсульт орталығы бар. Ол жерде адамдар айлап, жылдап жатады. Сондықтан аталмыш стационарлық жасанды желдету аппаратының  көмегі зор болады, дейді бас дәрігер.

Нұрлан Жұмажанов, №1 қалалық аурухананың бас дәрігері:

Біз үш стационарлық аппарат сатып алғымыз келеді. Неміс фирмасынікі. Бұл реанимациялық және анестизиялық құрылғылардың үздігі деп саналады. Ол стационарлық, ұзақ жылдар бойы жұмыс істейді. оның мүмкіндіктері көп. Адамға ауаның тиісті көлемде жеткізіліп тұрғанын қадағалайды. Медициналық қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді.

Бас дәрігер Нұрлан Жұмажановтың сөзінше, қазіргі уақытта медициналық мекемеде 10 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Алайда, оның барлығы бос емес, қолданыста. Сатып алынатын қосымша 3 стационарлық құрылғы  ауруханадағы жағдайды реттеуге көмегін тигізеді.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...