ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ЖАҢА ЖАБДЫҚТАРМЕН ЖАРАҚТАЛДЫ

19:40, 28 қараша 2019

Шаһардағы жедел жәрдем қызметі жаңа қондырғымен толықты. Теңдесі жоқ аппараттардың науқастың өмірін ажалдан арашалап қалуға қауқары жоғары. Әр данасы қымбат тұрғанымен дәрігерлердің жұмысын анағұрлым жеңілдетпек.

Қазіргі уақытта шаһарамыздың жедел жәрдемі соңғы техникамен толық қамтылған. Соның арқасында мамандар, шақыртулардың жиілігіне қарамастан, науқасқа сапалы алғашқы көмек көрсетуге сақадай сай. Ақ халаттылар санаулы секунд ішінде науқастың өмірін арашалап қалуға мүмкіндік алған.

Ирина Мищенко, жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары:

Жаңа құрал-жабдықтардың арасында – видеоларингоскоп бар. Бұрынғымен салыстыратын болсақ, біз пайдаланып жүрген өте ауыр болатын. Әрқашан өңдеп, стирмлдеп тұратынбыз. Ал қазіргісі өте ыңғайлы. Бар жоғы салмағы 200 грамм ғана. Қуаттаудың қажеті жоқ. Видеокамерасы кіріктірілген. Жаңа видеоларингоскоп медициналық қызметкерлерге пациенттің тыныс алу жолдарына неғұрлым жылдам әрі дұрыс тексеріс жасауға мүмкіндік береді.

Ақ халатты абзал жандардың науқас алдындағы парызы дер кезінде көмек көрсетіп, өлімнен арашалап қалу. Санавиация қызметі жаңа медициналық құрал-жабдықтармен толықты. Соның ішінде  науқастардың жағдайын бақылау үшін қолданылатын заманауи монитор бар.  Құрылғы зерттеу нәтижелерінің жоғары шынайылығын көрсетеді.

Ирина Мищенко, жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары:

Бұл қондырғы да алып жүруге өте ыңғайлы. Барлық функциялары бар. Мониторгтан адамның қан айналымын, жүрек соғысын бақылауға болады. Барлық ауыр жағдайдағы науқастарды ауруханаға дейін осы құрылғымен бақылп отырып жеткіземіз.

Бұдан басқа, науқасқа егілетін дәрмектің мөлшері мен уақытын бақылайтын қондырғы сатып алынды. Бұл аппарат науқастың ағзасына сұйықтықтарды бақылау үшін қолданылады. Санитарлық авиацияны жабдықтау бірінші кезекте ауырған адамға жедел көмек көрсету үшін қажет. Жабдықтарды меңгеру үшін мамандар оқу тәжірибесінен өтті.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...