ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІГІН АТҚАРУҒА КІРІСТІ Толығырақ

ЗАМАНАУИ КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ

20:07, 14 наурыз 2019

Дәрігер – мамандығы аса жауапкершілікті талап ететін қызмет түрі. Бірақ, сан түрлі аппараттардың көмегінсіз науқастың нақты диагнозын анықтау мүмкін емес. Осы ретте Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың құрылғылар қатары бірқатар заманауи қондырғылармен толықтырылған.

Науқастың диагнозын анықтауда бұл құрылғылардың алар орны ерекше. Біріншіден уақыт үнемдеуге септігін тигізеді. Мұндай медициналық жабдықтардың бірі америкалық Дженерал Электрик фирмасы шығаратын– компьютерлік томограф. Бұл аппарат облыстық ауруханаға мемлекеттік-жеке-меншік серіктестік арқылы 2018 жылы сатып алынған. Замануи қондырғы ағзаның барлық бөлімдері мен жүйелеріне зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. 

Виталий Мельников, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың рентгенологиялық бөлімінің меңгерушісі

Компьютерлік томографияның басты ерекшелігі арнайы бағдарламаның көмегімен адам ағзасының барлық бөлімдеріне зерттеу жүргізуге болады. Рентген сәулесі адамның ішкі құрылысын анық көрсетеді. Арнайы бағдарламалық зерттеу арқылы науқастың диагнозы анықталып, қандай ем-дом қабылдауға болатынын шешеміз.

Бұл компьютерлік томографияның көмегімен облыстық аурухананың дәрігерлері былтырғы жылдан бері 1000-нан астам адамның диагнозын анықтап, дертіне шипа тапқан. Мұндай аппараттан өту үшін арнайы дайындықтың қажеті жоқ. Тек, сырға, сақина, белдік сынды темірден жасалған бұйымдарды шешіп, пациент шалқасынан құрылғыға жатқызылады. Тексеру жұмыстары ешқандай ауыртпалықсыз жасалады.

Виталий Мельников,Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың рентгенологиялық бөлімінің меңгерушісі

Процедура өте қарапайым. Науқас алдын ала дайындықсыз келсе де болады. Қобалжудың, қорқудың қажеті жоқ. Тек, шалқасынан жатқызылады. Аппарат 10-15 секундтың ішінде сканерлеп, ауру себептерін анықтау үшін компьютер бетіне адам ағзасын түсіріп береді.

Бұл жердегі тағы бір ерекше құрылғы – Сандық рентген. Облыстағы жалғыз аппарат. Цифрлық рентгенді пайдалану өты ыңғайлы. Ерекшелігі – бір жыл бұрынғы ақпараттар сандық жадта сақталады.

Дәмет Ғабдулғазизова, рентгенолог-дәрігер

Негізі біздің қазіргі талабымызға сай осы цифрлық аппараттар бізде көбінен орын алу керек. Барлық дәрігерлік мекемелерде. Қарапайм аппараттар бүгінгі күнде оларға аса сұраныс жоқ деп ойлаймын. Сондықтан олардың орнын барлық жағынан осы цифрлық аппараттар ауыстыру керек.

Жеңілдік санатындағы адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тіркеуде тұрған адамдар тегін тексеруден өте алады. Сондай-ақ, облыстық ауруханамен келісімшартқа отырған кез-келген емдеу мекемесінің жолдамасымен келген пациенттер де тегін диагностикадан өтуге құқылы. Және, ақылы тексеру жұмыстары да бар.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ 2019 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ
19:43, 28 ақпан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ...
Толығырақ...
ПАВЛОДАР ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫ ЖАҢА СТАНДАРТҚА КӨШТІ
11:33, 22 ақпан 2019
ПАВЛОДАР ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫ ЖАҢА СТАНДАРТҚА КӨШТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар