ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ВАКЦИНАЛАРДЫҢ ПАЙДАСЫ БАР

18:32, 19 қыркүйек 2019

Қыс мезгілі жақындап келеді. Осы орайда түрлі жұқпалы аурулар да белең ала бастайды. Бұл дерек әсіресе балалар арасында көптеп кездеседі. Дана халқымыз «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» - дейді. Сондықтан, алдын-алу шараларын қалай жасаған дұрыс? Қазіргі таңда жасалатын екпелер қаншалықты пайдалы?

Халықтың биологиялық қауіпсіздігі Павлодар облыстық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі және сапасын бақылау департаментінің назарында. Иммунитеті нашар адамдар кез-келген уақытта ауру таяқшаларын жұқтыруы мүмкін. Мұндай жағдайларды болдырмау  үшін сала мамандары қажетті екпе алуға кеңес береді. Себебі, балабақшалардың өзінде сәбиді екпесіз қабылдамайды.

Ирина Сорокина, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігі департаментінің басшысы:

Балабақшалардың өзі екпесіз қабылдамайды. Мен балама қызылшаға қарсы екпе салғаннан кейін ғана бақшаға апардық. Сондықтан, барша ата-аналарға қажетті дәрумендерді алуға кеңес беремін. Егер екпе салынбаған жағдайда ата-анаға мемлекет тарапынан айыппұл салынуы мүмкін.

Бірақ ата-аналардың 60%-ы аталмыш вакцинаға қарсы. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, дәрілік дәруменнің қуаттылығына сенбейтін көрінеді. Яғни, ел ішінде осы екпелердің кесірінен түрлі жұқпалы ауру белең алады деген пікір қалыптасқан. Департамент басшысының айтуынша, бұл препараттар халықаралық стандарттарға сай. Тек дәруменді салар алдында баланың денсаулығының жақсы екендігіне көз жеткізген жөн.

Ирина Сорокина, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігі департаментінің басшысы:

Жас аналардың 60 пайызы өздігінен бас тартады. Бірақ мен осы күнге дейін олардың ешқайсысынан нақты жауап ала алмадым. Неге екпе салмайсыз деп сұрасаң, оған сенбеймін, дейді. Кейін баласы ауырып қалатын болса, дәрігерлер кінәлі болады. Мемлекет ақша бөліп, тегін жасалып отырғаннан кейін, мүмкіндікті пайдалану керек.

Сала мамандары халық тұтынатын ауыз судың, ауа мен топырақтың сапасына да мониторинг жасайды. Себебі, туляремия сынды қауіпті инфекциялар ауа арқылы тарайтын көрінеді. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде, дейді дана халық.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...