ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ТҰМАУ ӨРШІП ТҰР

18:40, 9 қаңтар 2020

Еліміздің барлық өңірлерінде жұқпалы аурулар өршіп тұр. Эпидемиологиялық кезең басталғалы бері Павлодар облысында жедел респираторлық вирустық инфекцияның 5 мыңнан аса жағдайы тіркеліп, 11 адам тұмау жұқтырған.

Сондай-ақ, 295 адамның өкпесі қабынған. Дәрігерлер, қаңтар-ақпан айларында науқастар саны күрт көбейеді деп, дабыл қағып отыр. Қыс айы - респираторлық вирустық инфекция маусымы деп саналатыны белгілі. Эпидемиологиялық кезең басталғалы бері тұмау ауруларына шалдыққандар қатары аз емес.

Елена Сухоносенко,тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы:

«2019 жылдың 1-ші қазан мен 2020 жылдың 1-ші қаңтары аралығында респираторлық вирустық инфекцияның 5 587 жағдайы тіркелді. Олардың ішінде 2905-сі 14 жасқа дейінгі балалар. 1 жасқа дейінгі балалар 389, аяғы ауыр келіншектер 25. Бұдан бөлек 297 адам өкпе қабынуына, тұмауға 11 адам шалдықты.»

Бүгінгі таңда тұмаудың Б типі өршіп тұр. Өткен жылы эпидемиологиялық кезеңде А түрі тіркелген болатын. Айта кетерлігі, бұл тұмаудың түрлері екі бөлек. Екеуі адам ағзасына өзінше әсер етеді. Тұмаудың А типі өршігіш сиптақа ие. Сол себепті, ол эпидемияға айналуы мүмкін. Б түріне шалдыққан науқастарда бірқалыпты өтеді.

Елена Сухоносенко,тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы:

Тұмаудың нағыз өрбіген кезеңі қаңтардың соңы, ақпанның басында болады деп күтіледі. Өйткені, қазір оқушылардың барлығы демалыста. Ата-аналарға айтпағымыз, аурудың алғашқы белгілері білінген жағдайда бірден дәрігерді үйге шақырту керек.

Әйгерім Бозанбаева, тілші:

«Эпидемиологиялық кезең басталысымен Павлодар облысында вирустық жұқпалы аурулардың 5000 астам жағдайы тіркелген екен. Павлодар облыстық балалар инфекциялық ауруханасына күніне 150 ден астам дәрігерлердің көмегіне жүгінеді екен.

Эпидемиологиялық кезең алдында балаларға арналған облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында

тәулігіне 50 бала қаралған. Ал, мереке күндері дәрігерлер көмегіне жүгінетіндердің саны 152-ге дейін артқан. Бұған басты себеп - балалардың адамдар көп шоғырланған орындарда жиі болуы.

Томирис Тұяқбаева, облыстық балалар ауруханасының эпидемиолог дәрігері:

«Аурудың алғашқы клиникалық белгілері – бұл дене қызуының көтерілуі, тоңу, бастың ауыруы, мұрынның бітелуі және тамақтың ауыруы. Тұмау осы жолы бұрынғы кездерге қарағанда бірқалыпты, жеңіл өтіп жатыр. Өйткені,  осы қыс кезінде емханаларда вакцинациялау шаралары қарқынды жүргізілді. Сол себепті, науқастардың саны көп емес.»

Қазіргі уақытта аурухана палаталары науқастарға лық толы. Дегенмен, бұл маусымдық тұмау кезеңіндегі қалыпты жағдай. Барлығына қажетті медициналық ем-дом шаралары көрсетіледі. Аурудан жазылып, үйіне қайтып жатқандар да бар.

Ырысты Сәкенова, Павлодар ауданының тұрғыны:

«Біз 3-і күні больницаға түстік. Инфекциямен деді, құсып. Сонымен бүгін міне шығарып жатырмыз. Бәрі жақсы. Емделіп шықтық. + 00:44-00:49 Дәрігерлердің бәріне шықты.

Шамалары келгенше көмектесті. Емдеді. Міне, бәрі жақсы қызымыз қазір.»

Баланың денсаулығы нашарлап, тұмаудың белгілері байқалған жағдайға бірден учаскелік дәрігерді шақыртқан жөн. Вирустық инфекциялық аурулар ауамен таралады. Сол себепті, дәрігерлер тұрғындарға қоғамдық жерлерде көп серуендеуге болмайтынын айтады. Ауырған жағдайда жөтелудің әдебін сақтап, қағаз майлықтарды қолдануды ескертеді. Алдын-алу шараларын ұстанып, үйді дымқыл шүберекпен жиі сүртіп отыруға кеңес береді.

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...