ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ТҰМАУ ӨРШІП ТҰР

17:47, 8 қаңтар 2020

Еліміздің барлық өңірлерінде жұқпалы аурулар өршіп тұр. Эпидемиологиялық кезең басталғалы бері Павлодар облысында жедел респираторлық вирустық инфекцияның 5 мыңнан аса жағдайы тіркеліп, 11 адам тұмау жұқтырған. Сондай-ақ, 295 адамның өкпесі қабынған. Дәрігерлер, қаңтар-ақпан айларында науқастар саны күрт көбейеді деп, дабыл қағып отыр.

Қыс айы - респираторлық вирустық инфекция маусымы деп саналатыны белгілі. Эпидемиологиялық кезең басталғалы бері тұмау ауруларына шалдыққандар қатары аз емес.

Елена Сухоносенко,тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы:

2019 жылдың 1-ші қазан мен 2020 жылдың 1-ші қаңтары аралығында респираторлық вирустық инфекцияның 5 587 жағдайы тіркелді. Олардың ішінде 2905-сі 14 жасқа дейінгі балалар. 1 жасқа дейінгі балалар 389, аяғы ауыр келіншектер 25. Бұдан бөлек 297 адам өкпе қабынуына, тұмауға 11 адам шалдықты.

Бүгінгі таңда тұмаудың Б типі өршіп тұр. Өткен жылы эпидемиологиялық кезеңде А түрі тіркелген болатын. Айта кетерлігі, бұл тұмаудың түрлері екі бөлек. Екеуі адам ағзасына өзінше әсер етеді. Тұмаудың А типі өршігіш сиптақа ие. Сол себепті, ол эпидемияға айналуы мүмкін. Б түріне шалдыққан науқастарда бірқалыпты өтеді. Вирустық инфекциялық аурулар ауамен таралады. Сол себепті, дәрігерлер тұрғындарға қоғамдық жерлерде көп серуендеуге болмайтынын айтады. Ауырған жағдайда жөтелудің әдебін сақтап, қағаз майлықтарды қолдануды ескертеді. Алдын-алу шараларын ұстанып, үйді дымқыл шүберекпен жиі сүртіп отыруға кеңес береді.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
14:43, 5 ақпан 2020
ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар