ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ТРИАЖ-ОРТАЛЫҚТА НАУҚАСТАР САНЫ АЗАЙДЫ

21:06, 28 шілде 2020

Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Провизорлық орталықта науқастар саны азайып келеді. Осыдан бірнеше апта бұрын ғана болған жағдай реттеліп қалды.

«Баянтау» триаж-орталығындағы науқастар саны азайды. Бүгін таңертең орталықта 57 науқас болған. Түстен кейін емделушілер саны 31-ге дейін төмендеді. Павлодарда пациенттерді қабылдау және диагностикалау орталығы шілде айының басында, облыс орталығының ауруханалары мен  жедел жәрдем қызметін жеңілдету мақсатында ашылған болатын. Бүгінде вирус жұқтырғандар саны азайып, кейбір ем алу залдары босады.

Константин Музалевский, аумақтық кәсіподақ ұйымының баспасөз хатшысы:

Бір ай бұрын екі жүзден астам науқас болған. 3 зал жұмыс істеді. Олар үлкен орта және кіші залдар. Бүгінгі таңда кіші және орта залдар бос тұр. Яғни, ем алушылар науқастарынан айықты. Енді үлкен зал бар. Яғни, қазіргі уақытта онда 31 науқас ем алуда. + 80 пациентке дейін көп болды. Ауру түнде өрши түседі. Түнгі сағат 3, таңғы  4, 5, 6-да 15-20 адамнан келіп түсетін. Қазір жағдай тұрақталды. Мәселен,  өткен түнгі ауысымға бірде-бір адам түскен жоқ.

Тақырып бойынша материалдар

АУРУХАНАЛАРҒА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ
21:59, 3 тамыз 2020
АУРУХАНАЛАРҒА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар