ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ТРИАЖ ОРТАЛЫҒЫНА ЕРІКТІЛЕР КӨМЕКТЕСУДЕ

19:11, 11 шілде 2020

Бүгінде ауызбіршілік басты назарда. Павлодарлықтар коронавирустық инфекция мен пневмонияны тезірек жеңу үшін, дәрігерлер қатарына қосылды.

Түнгі ауысымнан шыққан волонтер Азамат Қарғожиновтың түрі шаршаңқы. Ол «Баянтау» спорт кешеніндегі триаж орталығында дәрігерлерге көмектесіп жүр. Жұмыстың қиын екенін, Азамат мойындайды. Бастапқы кезде жұмыс кестесіне үйрену қиындық туғызған. Таңғы 8-ден кешкі 8ге дейін және кешкі сағат 8-ден таңғы 8-ге дейін жұмыс істейді. Азамат триаж-орталықта санитар болып жұмыс істейді. Бұған дейін ол спорт нұсқаушысы болған. Қазір ол орталықта тазалық сақтау, науқастарға азық-түлік жеткізу сияқты қызметтерді атқаруда.

Азамат Карғожинов, ерікті:

Бастапқыда физикалық, психологиялық тұрғыдан қиын болды. Қазір үйрендік. Барлығын жеңіл қабылдауға тырысамыз. Себебі, арнайы қорғаныш киімін киеміз. Толығымен жабық. Бізде бұл костюмдерде қауіп жоқ деп айтты,  бәрі жабық болған соң қатты қорықаймыз. 

Ерікті Зафар Шафиков спорт шеберіне үміткер. Ол тек күндізгі ауысымда жұмыс істеуді. Есеп бойынша, ол қазірдің өзінде 4-ші адам. Елдегі пандемияға дәрігерлерге қолғабыс жасауға ниеттенген. Бұл менің азаматтық борышым, - дейді волонтер.

Зафар Шафиков, ерікті:

Мұнда медициналық қызмет пен тамақтану желісі, барлығы жақсы. Белсенділік танытып, қиын сәтте көмек көрсетіп жатқан барлық алғысымды айтқым келеді. Мен барлық адам шетте қалмас үшін, игі іске шақырғым келеді. Барлығымыз бірігіп, пандемиямен күресуіміз қажет.

Бұл орталықта Азамат пен Зафар сияқты еріктілер көп. Олардың айтуынша, жұмыс ауысымына 3-4 адам шығады. Барлығы арнайы қорғаныш киімдерін киіп, ауыстырып отырады. Отандастарымыздың ауырып жатқаны, дәрігерлер жағдайының қаншалықты қиын екенін еріктілер жақсы біледі. Сондықтан, олар триаж орталығына жағдайды біршама жеңілдету үшін келген.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ, Валерия СТЕПЧУК

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...