ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ТОҒЫЗ ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ

15:32, 22 мамыр 2020

Карантин режимі жеңілдетілгенімен коронавирус белгісі әлі де көрінісі беріп жатыр. Кешеден бері өңірде тоғыз COVID-19 тіркелді. Кеше алғаш рет ауданда анықталып, Баянауылда екі адамның коронавирусты жұқтырғаны белгілі болды.

Соңғы тоғыз деректің алтауы Екібастұз қаласынан анықталды. Осылайша кеншілер қаласында жалпы тіркелгендер саны 109-ға жетті. Кеше ғана Баянауыл ауданында екі адамда КВИ расталды. Бұл аудандардан анықталған алғашқы жағдай.

Аянбек Кәрібжанов, Баянауыл аудандық бас санитарлық дәрігер:

Өздеріңіз білесіздер, инфекция бізді айналып өтпеді. Ауданда коронавирустық инфекцияның 2 жағдайы анықталды. 2020 жылдың 21 мамырындағы жағдай бойынша COVID-19 Баянауыл ауылының екі тұрғынында тіркелді. 1961 жылы туған әйел адам және 1959 жылы туылған ер адам. Барлық науқастар Павлодар қалалық ауруханаларының жұқпалы аурулар бөлімшесіне жіберілді. Барлық байланыста болғандар анықталды.   

Сонымен қатар, Павлодар қаласында бір жастағы сәбиден COVID-19 анықталды. Барлық пациенттер Павлодар және Екібастұз қалалық ауруханаларының  инфекциялық бөлімдеріне жатқызылды. Бекітілген протоколға сәйкес ем жүргізіліп жатыр. Соңғы дерек бойынша облыста  коронавирус инфекциясымен ауырған 176 факті тіркелген. 141 адам жазылып шықты. Қайтыс болғандар екеу.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...