ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ШЕШІМ БАР

10:43, 14 қыркүйек 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда елдегі отбасылық-демографиялық жағдай алаңдарлық деп атап өтті. Статистика бойынша, Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы бала сүйе алмайды. Ал қазақстандықтардың 20 пайызы бұл ажырасуға негізгі себеп деп санайды. Осы ретте 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосып, экстрокорпаралды ұрықтандыру бағдарламасына квотаны 7 мыңға дейін ұлғайту тапсырылды. Павлодардағы репродуктивті орталық жұмыс жасағанына 5 жылдай болған.

Статистика көңіл көншітпегенмен, балалы болуға арналған түрлі бағдарламалар бар. Қазақстанда 30-дан астам репродуктивті денсаулық орталықтары жұмыс жасайды. Барлық клиникалар жабдықталып, соңғы технологиялармен қызмет көрсетеді. Павлодардағы аталмыш орталық 5 жыл бұрын ашылды. Осы уақыт ішінде 1500 бала сүйгісі келетін отбасы оған есепке тұрған.  

Ғалия Мұқажанова, репродуктолог-дәрігер:

Түрлі квоталық бағдарлама бар. Квоталық бағдарламалар экстрокорпоралды ұрықтандыруды қалтасы көтермейтін ерлі-зайыптыларға ұсынылады. Биыл 46 квота бөлінді.    

Егер бұрын бедеулік адамның жасына байланысты мәселе болса, қазір ол жастарда да туындап отыр.  

Ғалия Мұқажанова, репродуктолог-дәрігер:

25-тен астам отбасы квоталық бағдарламаны қолданды. Ал өз қаражаттарынан 50 әйел экстрокорпоралды ұрықтандыруға жүгінді.  

Бағдарламаның өзі адамның ағзасына байланысты. Баға 500 мың теңгеден басталып миллион теңгеге дейін жетеді. Мамандардың сөзінше, көмекке жүгінген әр екінші отбасы нәтижесін көреді екен.

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ, Сабина РАХИМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА ҚАНША ДӘРІГЕР КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ?
22:42, 22 қазан 2020
ОБЛЫСТА ҚАНША ДӘРІГЕР КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ?
Толығырақ...
ӨҢІР КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН БА?
18:29, 11 қазан 2020
ӨҢІР КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН БА?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар