ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

САПАЛЫ МЕДИЦИНА - ҰЛТ САУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

19:07, 22 қараша 2019

Денсаулық саласындағы жемқорлықты жою. Сол себепті, әр маман жұмыс орнында өзінің функционалды міндеттерін ойдағыдай атқаруы тиіс. Бұл - Павлодарда алғаш рет өткен денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумының күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі болды.

«Сапалы және қол жетімді медицина – ұлт саулығының кепілі» деген атаумен «Ертіс – адалдық алаңы» жобасының аясында ұйымдастырылды. Нәтижесінде жемқорылққа қарсы іс әрекет аясында 20 медициналық мекемелермен келісім құжатқа қол қойылып, 25 ұсыныс жасалды. Басты мақсат - тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет түрлерінің сапасын арттыру. Денсаулық сақтау мамандарының адал жұмыс істеуіне ықпал ету. Жемқорлықпен қарсы күрес мамандарының айтуынша, қарамағындағы қызметкерлердің құқық бұзушылық жасағаны үшін басшылардың жауапкершілігі артады. Сол себепті, дәрігерлер өз ісіне адал қарауы шарт. Сондай-ақ, «Ертіс -  адалдық алаңы» кеңселік жобасының аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген мониторинг қорытындысы қаралды. Форумға қатысушылар толғандырған сауалдарын тиісті мамандарға қойып, жауап алды.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...