ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА НАУҚАСТАР АЗАЙДЫ

11:08, 30 шілде 2020

Шарбақты ауданында 150 орындық провизорлық госпиталь осыдан бір ай бұрын ашылған болатын. Ол кезде стационардағы науқастардың саны 143-ке дейін жетті. Бұл ауылдық аурухана үшін үлкен сынақ болды. Ұжымның бірлескен жұмысының арқасында, сондай-ақ мемлекеттік қолдау, еріктілер мен демеушілердің көмегімен – ауданда жағдай тұрақтанды.

Провизорлық госпитальға ЖРВИ және пневманияның белгілері бар алғашқы науқастар 25-ші маусымнан бастап түсе бастады. Көп жағдайда ауру жеңіл және орташа түрде өтті.

Әйгерім Қырықбаева, аудандық аурухананың бөлім меңгерушісі:

Бүгінгі күнге дейін, 301 науқас емделіп шықты. 10 науқас ауыр жағдайын байланысты, облыс станционарларына ауыстырылды. Эпидемиологиялық жағдайдың төмендеуіне байланысты 27-шілдеден бастап біз 100 орындық стационарға ауыстық.

Өкінішке қарай, мамандар бір науқастың өмірін сақтап қала алмады. Оның ағзасындағы бұрынғы аурулар жағдайды одан сайын ушықтырды. Бүгінде науқастардың көбісі қажетті ем-домнан кейін ауруханадан шығарылды.

Тоғжан Ғабдылғазизова, аудандық аурухананың дәрігері:

Бүгінгі таңда біздің бөлімде 64 пациент жатыр. Олардың жағдайында жағымды динамика байқалады.  Госпитальда өкпені жасанды желдетудің 1 апппараты бар. 6 оттегі баллондары қолданыста.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастар орташа есеппен мұнда 10-12 күн жатады. Мәселен, Хмельницкое ауылының тұрғыны Светлана Притула- мұнда осыдан екі апта бұрын екі жақты пневманиямен түскен. Ол кезде жағдайы нашар болды, тіпті өздігінен қозғала алмаған. Бүгінде ол сауығып, үйіне шығуға дайындалуда.

Светлана Притула, Хмельницкое ауылының тұрғыны:

Сол кезде ауа жетпей мен қатты тұншықтым. Өкпеме ауа жетпеді. Бойымның бәрі ауырып, әлсіздік болды. Келгенде маған ауа беріп, бірден ем қолданылды. Бұл жердегі мамандар емді уақытында көрсетеді. Дәрігерлер жақсы қарайды. Барлығына ризамын, рахмет.

Светлана ауруды қай жерде және қалай жұқтырғанын түсінбейді. Барлық сақтық шараларын ұстандым дейді. Көп жағдайда адамдар күрделі ақаулар болмаса, қалыпты өмірлерін жалғастыра береді. Бірақ, бірден дәрі-дәрмек алуға асығады. Сол себепті, сұранысқа ие препараттардың бар жоғын білу үшін, жергілікті дәріханаларға кіріп көрдік.

Анастасия Мазурина, дәріхана маманы:

Біздің дәріханада вирусқа қарсы және антибиотиктердің көп түрлері бар. Дәрмектердің жаңа партиясы – дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндеру келеді. Парацетамол мен аспирин жоқ. 1-2 күн бұрын әкелінген, бірақ тез таусылып қалды.

Госпитальда дәрілердің тапшылығы байқалмайды. Себебі, жергілікті кәсіпкерлер,еріктілер, қорлар мен жергілікті мешіт тарапынан үлкен қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, аурухана Бобров аппараты мен түскі аспен қамтылды. Шарбақтылықтардың бірлескен күшінің арқасында –аудандағы жағдай бақылауға алынып, ахуал тұрақтандырылды.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА, Ерғали РАМАЗАНҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

АУРУХАНАЛАРҒА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ
21:59, 3 тамыз 2020
АУРУХАНАЛАРҒА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар