ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

Павлодар тұрғындары азық-түлік сапасына жиі шағымданады

18:57, 13 наурыз 2018

Өткен жылы облыс тұрғындарынан азық-түлік өнімдері мен тауар сапасына қатысты 400-ден астам шағым түскен. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында мәлім болды.

Павлодар облысы аумағында қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 19 техникалық регламент бойынша бақылау жүргізеді. Олардың 10-ы  азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі, алтауы – халықтық тұтыну тауарларына қатысты болса, қалған үшеуі гигиеналық көрсеткіштер бойынша өткізіледі. Көбіне заңбұзушылықтар таңбалауда кездеседі.  Мысалы тауарда қазақ тілінде жазу болмаса немесе оның құрамы мен шыққан мерзімі көрсетілмесе, бұл құқықбұзушылық болып саналады. Өткен жылы ішкі нарықты сараптау нәтижесінде регламентке сәйкес келмейтін өнімдердің басым бөлігі шетелдік тауарларға яғни импортқа тиесілі екені анықталды. Өңір тұрғындары 2017 жылы тауар сапасыздығына байланысты облыстық қоғамдық  денсаулық сақтау департаментіне 400 рет шағым түсірген. 

ЗӘМЗАГҮЛ ДОЩАНОВА,  Павлодар облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары

Біздің  тұрғындар негізінен азық-түлік сапасына , содан кейін тұрғын үй коммуналды шаруашылығына, қоғамдық тамақтану орындарына және медициналық қызметінің сапасыздығына  шағым түсіреді.  Павлодарлықтар Көбіне нан-тоқаш тағамына байланысты арыздар түсіреді. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда сапасыз тағам түрлеріне де көп арыз-шағымдар түсіп жатады.  

Мониторингпен сонымен қатар азық-түлік емес өнімдер де қамтылды. Ол балалар ойыншықтары , балалар мен жасөспірімдерге арналған киімдер, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, парфюмерлік-косметикалық тауарлар және тұрмыстық химия. Мамандар әсіресе,  балалар ойыншықтарын тексеруге баса мән береді. Мәселен, іріктелген 83 балалар ойыншығының 28-і таңбалау бойынша техникалық регламентке сәйкес келмеген. Таңбалауға сәйкес келмеген ойыншықтар Қытай, Ресей, Беларусь, Украина елдеріне тиесілі.

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ САЙЫН СӘБИЛЕРДІҢ 6-6,5 % АЙ КҮНІ ЖЕТПЕЙ ДҮНИЕГЕ КЕЛЕДІ
17:52, 22 қараша 2018
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ САЙЫН СӘБИЛЕРДІҢ 6-6,5 % АЙ КҮНІ ЖЕТП...
Толығырақ...
21 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ БЕРГЕН
18:39, 16 қараша 2018
21 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІ...
Толығырақ...
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖОЛДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ТҰСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
18:46, 24 қазан 2018
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖОЛДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ТҰСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
12:43, 12 желтоқсан 2018
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ...
Толығырақ...