ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІГІН АТҚАРУҒА КІРІСТІ Толығырақ

ПАВЛОДАР ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫ ЖАҢА СТАНДАРТҚА КӨШТІ

11:33, 22 ақпан 2019

Медициналық орталықтарды жекеменшік қолға беру жақсы нәтиже көрсетуде. Халыққа қызмет көрсету сапасы көтеріліп, ескі қондырғылар жаңасына ауыстырылды. Осы және өзге де оң өзгерістерге науқастар да жоғары бағасын берді.

Теміржол ауруханасына биыл 90 жыл толады. Оған 20 мыңға жуық павлодарлық қарайды. Жекеменшік қолға өткелі бері аурухана қабырғасында өзгерістер көп. Көптен күткен күрделі жөндеу жұмысы басталып, заманауи техникалық құралжабдықтар сатып алына бастады. Ал ақ халатты абзал жандар өз кәсіби біліктіліктерін арттыруда.

Олег Антонов, Павлодар қаласының тұрғыны  

Мен мұның алдында осы ауруханаға тіркеулі болғанмын. Кейін басқа жерге ауыстым. Ондағы қызмет сапасы ұнамады. Сондықтан теміржол ауруханасына қайтып келдім.0057

Ермек Кучуков, Теміржол ауруханасының директоры

Біздің ауруханадағы қызмет түрлері сол қалпы. Тек сапасы жоғарылай түсті. Оны науқастар да сезінуде.

Аурухана әкімшілігінің алға қойған жоспарлары ауқымды. Жақында бұрын болмаған күндізгі стационар ашу көзделген. Ол 35 орынға шақталмақ. Жөндеу жұмыстарынан кейін физиотерапия бөлімшесінде тұзды шахта, көктамыр ішілік лазер, қысымдық терапия ем түрлері іске қосылды. Аталмыш ауруханаға келетін науқастардың көп дені жақындағы аудан тұрғындары. Олар мұндай оң өзгерістерді жоғары бағалап отыр.

 

Гүлден ТӨЛЕГЕН, Гульмира БАКТИЯРОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ 2019 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ
19:43, 28 ақпан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар