ШҰҒЫЛ! ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ Толығырақ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЛАРЫ БОЙЫНША АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА

14:06, 10 қаңтар 2019

Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада асқазан және ішек жолдары ауруларының анықтайтын заманауи қондырғылар сатып алынды. Енді науқастар Астана және Алматы секілді ірі қалаларға бармай-ақ, ауруының диагнозын Павлодарда біле алатын болады. Бұл үшін мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы аясында арнайы эндоскопиялық зерттеу жүргізетін құрылғылар әкелінген. Тақырыпты толығырақ тілшіміз тарқатады.

Павлодар облысы қатарлі обыр аурулары бойынша алдыңғы қатарда. Сондықтан да, өңірде аталған сырқатты жою бойынша пилоттық жобалар қолға алынған. Оның ішінде  асқазан және ішек жолдары ауруларының диагнозын анықтауда  заманауи қондырғылар сатып алынды. Енді осы арқылы эндоскопиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.

САТЫБАЛДЫ МҰЗАФАРОВ – ЭНДОСКОПИСТ-ДӘРІГЕР

Бұл аппаратураның басты ерекшелігі ол көзге көрінбейтін ұсақ сырқаттың процесстерін табуға бізге үлкен жірдем береді. қазір бүкіл дүние жүзі қатерлі ісікпен күресіп жатыр ғой. Енді ол мүмкіншілік бізде де бар. Бұрын біз қолданған аппаратура екі есе ғана болатын, тек оны біз аккулярмен ғана көретінбіз. Бұл аппаратураны пайдаланған бері аурудың көптеген түрі табылып жатыр. Бұл дегеніңіз үлкен жетістік.

Заманауи қондырға асқазандағы ауруды бірден анықтауға мүмкіндік береді. Мұндағы үлкен монитордың көмегімен дәрігер ішкі құрылысқа зерттеу жүргізіп, сырқатты дөп басып көре алады. Осылайша, дерттің аймағы анықталып, емдеу шараларын жүргізіледі. Ал тік ішек және тоқ ішектегі  ауруларды бейнебақылау құрылғысы бар капсула арқылы анықтауға мүмкіндік бар.

Айта кетерлігі, бұл  тексеру шаралары тегін.  Тек бейнебақылау капсуласы ғана ақылы түрде жүргізіледі. Ал  скирингтік бақылаудан өту үшін  науқастар  арнайы жолдама алуы керек. Жолдаманы тұрғындар өздері тіркелген емханадан ала алады.

Автор: Өзгеріс ҚУАНАР. Таспагер: Қанат АХМЕТЖАНОВ.

Тақырып бойынша материалдар

ЕСІРТКІ ҚОСПАСЫ БАР ДӘРІЛЕР ЖЕТКІЗІЛЕ БАСТАДЫ
14:01, 10 қаңтар 2019
ЕСІРТКІ ҚОСПАСЫ БАР ДӘРІЛЕР ЖЕТКІЗІЛЕ БАСТАДЫ
Толығырақ...
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ САЙЫН СӘБИЛЕРДІҢ 6-6,5 % АЙ КҮНІ ЖЕТПЕЙ ДҮНИЕГЕ КЕЛЕДІ
17:52, 22 қараша 2018
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ САЙЫН СӘБИЛЕРДІҢ 6-6,5 % АЙ КҮНІ ЖЕТП...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
19:20, 14 қаңтар 2019
«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
19:30, 14 қаңтар 2019
ПАВЛОДАРДА «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...