ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ОҢДЫ ІСТЕР

19:05, 25 қыркүйек 2019

Өңіріміздегі оңалту орталығы республика көлеміне танылып келеді. Себебі, ашылған уақыттан бері жүздеген науқас ем-дом қабылдап, аяқтан тұрып кеткен. Тірек қимыл аппараты бұзылған адамдарға арналған емдеу мекемесі Май ауданының орталығы Көктөбе ауылында аудандық аурухана негізінде жұмыс істейді.

Ақнұрлан Беласарова облыс орталығынан ауылдық жерге барып, ем қабылдауға бірден келіскен жоқ. Енді еш өкінбейді. Мұнда инсульт ауруынан кейін толықтай емделіп шығатындай бар жағдай жасалған. Үш жұма ішінде оның денсаулық жағдайы тұрақталып, өзін жақсы сезіне бастады. Өйткені, орталықта білікті мамандар жұмыс атқаражы.  Алдағы уақытта науқас орталыққа тағы келіп ем-дом қабылдамақшы. 

Акнұрлан Беласарова, Павлодар қаласының тұрғыны:

Сөйлемей, жүріп-тұра алмай қалған адам мында 20-25 күннің ішінде қадам жасайды. Орталық мамандарының арқасында менің денсаулық жағдайым жақсарды. Аймағымызда осындай орталықтың бар екеніне өте қуаныштымын.

Ем қабылдау курс-25 күн. Бастапқыда оңалту орталығы 30 орынға шақталған еді. Қазір мекеме 40 кереуетке кеңейтілді. Жыл басынан бері 386 адам денсаулықтарын қалпына келтіріп шыққан. Оңалту орталығына денсаулық сақтау басқармасының порталы арқылы кезекке тұрып, келуге болады. Аймақтың басқа ауруханаларымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. 

Ерболат Нұрсейітов, облыстық мүмкіндігі шектеулі оңалту орталығының бас дәрігері:

Біздің орталықтан инсульт,  омыртқа жотасының зақымдануынан  және ота жасатқаннан кейін келіп оңалтудан өтеді. Мында олар физиологиялық емдеу алып, жеңіл денешынықтыру жаттығуларын, массаж, гидромассаж, инерефлексотерапия емдеу шараларын қабылдайды. Сондай-ақ орталықта психолог, логопед жұмыс істейді.

Мамандардың айтуынша, аймақ тұрғындарының 3 пайызы мүгедектікке шалдығады.  Орталықта тірек қимыл аппараты бұзылған жандар үшін арқаны көлденең жатқызып жаттығу, аяқтарға жасалатын тренажер және су ішінде жасалатын жаттығулар бар.

 

 Әйгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ, Гүлмира БАҚТИЯРОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
14:43, 5 ақпан 2020
ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар