ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

19:34, 11 қаңтар 2021

Павлодарлық кардиологтар онколог мамандармен бірлесе ерекше отаны сәтті жүзеге асырды. 61 жастағы науқастың 1 ай ғана ғұмыры қалып еді. Медициналық тексеру барысында саркома анықталған. Аталмыш дерт өте сирек кездеседі. Әрі, ешқандай ауру белгілері байқалмайды,-дейді ақ халаттылар.

Иә, бұл сирек кездесетін ауру түрі. Сала мамандарының сөзінше әлем бойынша мұндай ота бар жоғы тек 50 рет қана жасалған. Жоғарыда айтылған хирургиялық процесске 20-дан астам отандық маман қатысқан. Айта кету керек, сирек кездесетін ота 10 сағатқа созылыпты.

Әділжан Әлбазаров, облыстық кардиологиялық орталықтың директоры:

Ол бізге жүгінген кезде ісік жүрекке оң жақ атриумға дейін өсті. Сондықтан іс жүзінде бұл ісік кардиоцентрде диагноз қойылды. Бірақ біз бұл ісіктің қайдан пайда болғанын, оның қайдан шыққанын көргенде, біз ұсынылған емдеу әдістері туралы мәселені көтере бастадық. Өкінішке орай осындай көлемді ісікті емдеуге сәулелі терапия, химиялық терапия дірменсіз. Сондықтан біз батыл шешім қабылдап, ота жасауға бел байладық. Қазіргі таңда нәтижеміз жаман емес. 10 сағатқа созылған отаға еліміздің білікті мамандары қатысты.

Дәрігерлердің батылдығы мен қайсарлығын ерекше атап өткен жөн. Алдымен, науқастың бауырын алып, ісікті жойған. Кейін сау органдарын қайтадан орыныса салыпты. Науқастың өмірін сақтап қалу үшін жасанды қан айналдыру аппараты қосылған. Қазіргі таңда 61 жатағы пациенттің жағдайы бірқалыпты. Реанимация бөлімшесінде ем алуда.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

№1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ЖАҢА ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІ
19:38, 14 қаңтар 2021
№1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ЖАҢА ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЫСТЫҚ СУ ТОЛЫ ШҰҢҚЫРҒА ҚҰЛАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
19:32, 11 қаңтар 2021
ЫСТЫҚ СУ ТОЛЫ ШҰҢҚЫРҒА ҚҰЛАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...