ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

НОВОСІБІРДЕН ДӘРІГЕРЛЕР ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

11:04, 30 шілде 2020

Павлодарға Новосібірден дәрігерлер делегциясы келді. Олар Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының инфекциялық және провизорлық стационарларына барады, сондай-ақ вирусологиялық зертхананың жұмысымен танысады. COVID-19-ға қарсы шараларды үйлестіру жөніндегі жедел штабтың мәлімдеуінше, Новосібір облысынан келіп жеткен делегация құрамында инфекционистер, пульмонологтар, терапевтер мен реаниматологтар бар.

Барлығы  біздің өңірге сегіз дәрігер келді. Олардың сапарының басты мақсаты - коронавирус инфекциясымен күресуде тәжірибе алмасу және аурудың мүмкін болатын жаңа толқынына дайындық бойынша ұсыныстар беру. Ресейлік дәрігерлер Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов пен Новосібір облысының губернаторы Андрей Травниковтың келісімі бойынша келіп отыр.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Мен өзімнің әріптесіме осындай дәрігерлер тобының Павлодарға келуіне қолдау көрсеткені және көмектескені үшін ризамын. Бізге сырттан сыни кәсіби көзқарас маңызды. Новосібір медицина қызметкерлері әрдайым мықты мамандар болып саналған, және сіздердің сапарларыңыз павлодарлық әріптестермен өзара пайдалы және тиімді тәжірибе алмасуға ықпал етеді деп сенемін.

Новосібірден келген дәрігерлер пандемия жағдайында өздері қабылдаған бірқатар шаралар туралы айтты. Жүрек-қан тамырлары патологиясы бар COVID-19 жұқтырған науқастарға кардиодиспансер, коронавирус расталған босанатын әйелдерге акушерлік көмек көрсету үшін перзентхана бөлінген екен.  

Лариса Позднякова, Новосібір  облысының бас инфекционисті:

Егер керек болса біз дәрігерлермен оқыту шараларын өткіземіз. Ұйымдастырушылық жұмысты көрейік. Дәрігерлермен сөйлесіп үлгердік, осы бірнеше күн ішіндегі жоспармен танысамыз.

Дәрігерлер Екібастұз және Ақсу провизорлық стационарларына барады. Сапар нәтижесі бойынша новосібірлік дәрігерлер өз ұсыныстарын береді, оның ішінде жұқпалы аурулардың мүмкін болатын жаңа толқынына дайындыққа тоқталып өтеді.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ОТТЕГІ АППАРАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ПАРТИЯСЫ
20:23, 9 тамыз 2020
ОТТЕГІ АППАРАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ПАРТИЯСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...