ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

НАУҚАСТАРҒА АМБУЛАТОРЛЫҚ ЕМДЕУ ЖАСАУ

21:23, 13 шілде 2020

Елімізде COVID-19-ды емдеу жолдарына және диагностикалау Клиникалық хаттамасына өзгерістер енгізілді. Ол медициналық мамандардың жаңа біліміне сәйкес жасалмақшы. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Мамандардың сөзінше, аурудың клиникалық хаттамаларына шетелде де өзгерістер енгізілген. Себебі Ресейден келген дәрігерлер КВИ-дің клиникалық хаттамасының 8-ші реакциясы әзірленіп жатқанын хабарлаған.

Сәуле Қасенова, медицина ғылымдарының докторы, пульмонолог-дәрігер:

Қазіргі уақытта коронавирустың инфекцияның кезінде пневманияның белең алуы көрініп тұр. Ол тек  жоғарғы тыныс алу жолдарын зақымдап қоймайды. Мысалы кейбір коронавируспен ауырған адамдарда фарингит, ренит сияқтылар болады. Егер ол төменгі тыныс алу жолдарына дейін жетсе түссе, онда  біз айтып жүрген пневмания болады.

Сондай-ақ, спикер  КВИ-мен ауырғандардың 80 пайызы вирусты жеңіл түрде өткеретіні айтты. Одан бөлек, емделу бойынша барлық, тағайындаулар мен нұсқамаларды дәрігерге көрінгеннен кейін берілуі тиіс.

Сәуле Қасенова, медицина ғылымдарының докторы, пульмонолог-дәрігер:

Әрине, қатты ауыратын жағдайлар кезедседі. Бұл пациенттерді де дәрігер қарауы тиіс, себебі, емделу жолдары жасына, науқастың жағдайына байланысты жүргізіледі.

Сәуле Қасенова дәрі-дәрмекті, сондай-ақ, антибиотиктерді тек  дәрігер маманның тағайындауымен ғана қолдануға шақырды. Себебі, кез-келген препараттың ағзаға кері әсері де тиюі мүмкін.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...