ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ

11:31, 30 шілде 2020

Елдегі ахуалға байланысты 3 мыңға жуық мобильді бригадалар құрылды. Ал, Павлодар облысында 100-ден астам мобильді топ жұмыс істейді. Олар жоғары температура, ЖРВИ белгілері, коронавирустық инфекцияға немесе пневмонияға күдігі бар пациенттерге – үйде амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді. Барлығы қажетті құралдармен жабдықталған.

Өңірде Covid-19, пневмонияға шалдыққан, жіті респираторлық вирустың белгілері бар  пациенттерге – үй жағдайында амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін 117  мобильді бригада жұмыс жасайды. Әр емхана қарамағында ем алатын аурудың белгілері бар науқастар бірден мобильді топтарға жүгіне алады. Короновирус пен пневманияның симптомдары байқалса,  әрбір адам мобильді бригадалардың қызметтерін тегін ала алады. Ол үшін аумақтық емхананың тіркеу бөліміне жүгіну керек. Бұл өз кезегінде қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, науқастарды толық тексеруден өткізуге мүмкіндік береді.

Самал Молдабаева, жалпы тәжірибелік дәрігер:

Пациенттің оксигенациясын өлшеу үшін пульсоксиметрді міндетті түрде аламыз. Науқастардан міндетті түрде сынамалар алынады. Сондай-ақ, чек-параққа қарап  пациенттің жағдайы, бақылау жоспары жазылады. Қолхат алып,«карантин және оқшаулау кезінде, науқастар  өздерін қалай ұстау керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз.

Мобильді топтың қатарында  дәрігер, медбике және қажет болған жағдайда бейінді маман жұмыс істейді. Мәселен, бірінші емханада сәуір айынан бастап 5 бригада жұмыс жасауда. Күн сайын шақыртулар болған жағдайда мобилді топ бірден әрекет етеді.

Самал Молдабаева, жалпы тәжірибелік дәрігер:

Қазір науқастар бәрін түсіністікпен қабылдайды. Вирустың таралуына байланысты олар біздің тарапымыздан нұсқаулықтарды тыңдайды. Басында карантин уақытында түсініспеушіліктер болып, нұсқаулықтар орындалмаған кездер болды. Қазір пациенттер бәрі біздің ұсынған ақпараттарды жақсы қабылдайды.

Айта кетейік, өңірдегі мобильді топтардың жұмысын қор тарапынан қаржыландырылады. Жоғары температура,  ЖРВИ белгілері бар, коронавирусқа немесе пневмонияға күдікті пациент жұмыс күндері сағат 8.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін дәрігерлердің көмегіне жүгіне алады. Ал басқа уақытта 103 телефоны арқылы аумақтық емхананың тіркеу бөліміне хабарласуға болады.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ОТТЕГІ АППАРАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ПАРТИЯСЫ
20:23, 9 тамыз 2020
ОТТЕГІ АППАРАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ПАРТИЯСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...