ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

11:33, 6 қараша 2019

2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстандағы медицина саласы жаңа қарқынмен жұмыс жасайтын болады. яғни, мәндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заң күшіне енбек. Ал, сақтандыруға жұмсалатын қаражатты мемлекеттік кірістер қызметкерлері қадағалайтын болады.

Естеріңізге салып өтейік, 2020 жылдың қаңтар айынан жұмыс беруші тарап әр қызмеркеті үшін төлейтін жарна көлемі 1,5-нан 2%-дейін өспек. Бұдан бөлек жұмысшы есебінен 1% тағы ұсталады.  Сондай-ақ, жаңа өзгертулер жеке кәсіпкерлердің аударымдарына да қатысты. Демек, әрбір кәсіпкер өз есебінен де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлем енгізуге міндетті болмақ.

Галина Бирюкова, мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы:

Біз мұны өандайда бір қызмет көрсететін және табыс алатын салық төлеушілер деп атаймыз. Қала үшін ол 1 АЕК – 25 теңге мөлшерінде белгіленген. Ауылдық жер үшін осы ставканың 50 пайызын құрайды. Бұл өте тиімді. Мемлекеттік кіріс органдарына арнайы баруды қажеті жоқ. Төлем фактісі оның жеке табыс салығын төлеуге қатысуының растамасы болып табылады, 20% әлеуметтік аударымдарға есептеледі, 30% зейнеткерлік және 40% МӘМС-ға барады.

Сала мамандарының айтуынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлемдер енгізуді қазірден бастап қолға алған жөн.  Себебі, жобаның заңды күшіне енуіне аз уақыт қалып отыр.

Галина Бирюкова, мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы:

Келер жылдан бастап әлеуметтік сақтандыру туралы заң өз күшіне енеді. Сондықтан, қазірден бастап қимылдау керек. Себебі, тұрғындар өз еңбек ақыларынан қанша қаражат төлейтіндігін білуі тиіс. Арнайы осы қызметпен айналысатын мекемелерге барып анықтап алу керек.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше биылғы жылы бірыңғай жиынтықты үш мыңға жуық адам төлеген. Бұл шамамен 1 млн 853 мың теңге. Олардың 37 пайызы қала тұрғындары.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...