ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

МЕДҚЫЗМЕТ ТІЗІМІ БЕКІТІЛДІ

19:54, 25 маусым 2019

Елімізде 2020 жылдан бастап халыққа медициналық көмек екі түрлі пакет бойынша көрсетіледі. Елімізде келер жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізімі бекітілді. Көрсетілетін медициналық көмекке бюджеттен бөлінетін қаржы да қарастырылған.

Бюджет жобасында кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен медициналық сақтандыру пакеттері негізінде бюджеттен 1 млрд 620 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған. Жүйе 2020 жылдан бастап Қазақстанның барлық аймақтарында іске қосылады.

Алмагүл Ахметжанова, «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ПОф мониторингі бөлімінің басшысы:

Кепілдендірілген медициналық көмек көрсету пакеті – бұл әр азаматқа шұғыл керек көмекті көрсетеді. Ал, сақтандыру пакетіне келсек, науқастардың өмір сапасын жақсартып, денсаулығы жақсаратын бағытқа  арналған.

Еліміздің барлық азаматттары пайдалана алатын кепілдендірілген медициналық көмек пакетіне жедел жәрдем мен санитарлық авиация, шұғыл стационарлық көмек енген. Сонымен қатар, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, туберкулезге шалдыққандарды оңалту қызметі де осы пакетке кіреді. Ал міндетті әлеуметтік медициналық көмек шеңберінде пациенттердің денсаулығын қалпына келтіруге бағытталан ем-дом түрлері қамтылады. Айдар Сейтказинов, «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ПОФ директоры:

Қазіргі таңда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тұрғындар үшін өте маңызды. Сондықтан 666-шы бүйрық бойынша екі пакетте де қарастырылады. Кепілдендірілген медициналық көмек пакетінде дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету кіреді. Атап айтқанда, созылмалы аурулардың 25 ноазалогиясы қамтылған. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, ұлы отан соғыс ардагерлеріне тегін дәрі беріледі.  

Пакеттердің жаңа үлгісін дайындау барысында денсаулық сақтау министрлігі бір жарым жыл медицина сала өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеді. Атап айтқанда,  қызметтерді сатып алу, төлемақы мәселелері талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар