ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛУДА

18:48, 9 тамыз 2019

Өңірдің барлық медициналық ұйымдарында қызмет көрсету бойынша мониторинг өтуде. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары, бүгінгі күні 60-тан астам мекемеде көрсетілген көмектің сапасына талдау жүргізді. Қандай да бір олқылықтарға жол берген медицина ұйымына айыппұл салынады.

Аталған мониторинг жыл сайын жүргізіледі.  Күніне   10 адамнан тұратын арнайы мониторингтік топтың сарапшылары көрсетілген медициналық қызметтердің сапасын сараптап, көлемін тексереді. Дәрігерлің көмек көрсету фактілерін, диагностика мен емдеудің бекітілген стандарттарға сәйкестігін бақылайды. Биыл 63 медициналық ұйым тексерілді, оның отызы жеке меншік.  Мониторинг барысында стандарттарға сәйкессіздік, ақаулар  да анықталып, айыппұл салынды. Сондай-ақ ең жақсы медициналық қызмет көрсеткен мекемелер де бар. Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында стационарлық көмектің сапасына жасалған мониторинг нәтижесі бойынша ақаулар саны 37 пайызға, ол үшін салынған айыппұл сомасы 19 пайызға төмендеген.  Сондай-ақ стационарды алмастыратын көмек бойынша кемшіліктер саны 2 есеге азайған. Айыппұлдардан басқа сарапшылар түсіндіру және оқыту жұмыстарын жүргізуде. Осының барлығы медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған. Жалпы Қазақстан бойынша медициналық қызмет көрсетуде 6 айда 218 мыңнан астам ақау анықталған.

 

Гүлсара Мәлікова, Валерия СТЕПЧУК

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...