ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЕНГІЗІЛДІ

12:19, 17 қаңтар 2020

Балалар 18 жасқа дейін дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етілетін болады.

Бұл егер де жұмыс беруші компания өзінің қызметкерлері үшін медициналық сақтандыру бойынша төлем жасаған жағдайда жүзеге асырылады. Алдағы уақытта барлық медициналық мекемелерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлем жасауға болатын терминалдар орнатылмақшы. Павлодар облысына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі жұмыс келді. Сапар кезінде - ол әлеуметтік сақтандыру аясында көрсетілетін медицналық көмектің жүзеге асу барысымен танысады. Ағымдағы жылдың 1-ші сәуіріне дейін Қазақстанның барлық азаматтары шартты түрде сақтандырылған. Яғни, тұрғындар міндетті әлеуметтік сақтандыру пакетіне кіретін қызметтерді еш кедергісіз ала алады. Алдағы 2,5 айдың ішінде – әркім өзінің сақтандыру мәртебесін анықтап үлгеруі тиіс. Мәселен, Павлодар облысында сақтандырылмағандардың саны 83  мыңды құрайды. Бұдан бөлек, кейбір тұрғындар үшін сақтандыру жүйесіне енбей қалу қаупі  бар.

Ләззат Ақтаева, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі:

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандура жүйесіне жалданушы қызметкерлер кірмей қалуы мүмкін. Өйткені, оларға жұмыс беруші компания төлемді әрдайым жүйелі түрде жасамайды. Сондықтан, олар емханаға келгенде сақтандырылмағандығын біледі. Бұл қауіпті жою үшін біз жұмыс істеп жатырмыз. Біз сараптама жасадық, Павлодар облысында 29 мың жалданушы қызметкерлер бар. Бұл дегеніңіз 11 пайыз құрайды.

Бүгінде Павлодар облысының 5 медициналық мекемеде арнайы терминалдар орнатылған. Бұл құрылғы арқылы кез-келген азамат өздігінен төлем жасап, сақтандырылған мәртебесін алады. 2020 жылдың 1-ші қаңтарына дейінгі мәлімет бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 11 миллиардтан аса қаражат түскен. Сонымен қатар, 18 жасқа дейін балаларға дәрмектер тегін беріледі. Бұл тізімге 192 дәрінің атауы кіреді.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
14:43, 5 ақпан 2020
ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар