ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

18:52, 26 тамыз 2019

Елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге бірнеше ай қалды. Осыған орай, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Павлодар облыстық филиалы өңіріміздің әр азаматына аталған жүйенің барлық аспектілері туралы толық ақпарат беруде. Ағындағы жылдың 6 айлық жұмысының қорытындысы бойынша қордың Павлодар филиалы үздіктер қатарынан көрінді.

Елбасы бірнеше рет қарапайым тілде медициналық сақтандыруды енгізу қағидаттарын түсіндіру керектігін тапсырған. Осыған орай әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Павлодар филиалы жыл бойы қалалық мекемелерден бастап, шалғай ауылдарға дейін аралап жүйенің қыр-сырымен таныстырды. Халыққа ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жуырда Нұр Сұлтан қаласында өткен орталық аппарат деңгейіндегі жиында қордың жұмысы бағаланып 17 облыстың арасында 2-орынға ие болды.

Айдар Сейітқазинов – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ПОФ директоры:

Были взяты критерии это-планирование и закуп медицинских услуг в медицинские организации.   На основании вот этих критерий именно по мониторингу качества выводились определенные баллы.

Негізгі талаптар ретінде,  біріншіден - медициналық  қызметтерді уақытында жоспарлау және сатып алу, яғни ақпараттық жүйедегі жұмыс: деректерді уақтылы енгізу, медициналық ұйымдарға ақыны  кешіктірмей төлеу енеді. Екіншіден дәрігерлік көмектің сапа мониторингісі.  Біз ақпараттық жүйелерде медициналық ұйымдардың жұмысын бақылап, ақауларын анықтаймыз.  Ол үшін құрылған арнайы  сараптамалық кеңес бар. Ал үшінші талап - ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. Біз үш бағыт бойынша да жан-жақты толыққанды қызмет атқарамыз. Айта кетерлігі, Павлодар қоры бірінші орын алған Қостанай облысынан 1ұпайға ғана артта қалған.

 

Гүлсара МӘЛІКОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
14:43, 5 ақпан 2020
ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар