ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

МЕДИЦИНАЛЫҚ МАМАНДАР ЖЕТІСПЕЙ ЖАТЫР

19:35, 25 маусым 2020

Өңірде коронавирус жағдайының күрделенгені сонша облыс орталығында медициналық мамандар жетіспей жатыр. Сол себепті жергілікті билік аудандардан дәрігерлер мен медбикелерді уақытша қалаға жұмысқа алдыртып жатыр.

Коронавируспен қатар аймақта жедел респираторлы вирустық инфекция жұқтырғандар мен өкпе қабынуына шалдыққандар саны күн санап өсіп барады. Тек кешегі бір тәуліктің өзінде 315 адам ауруханаға түскен. Қазір ЖРВИ мен өкпесі қабынған 956 науқас бар. Пациенттерді жатқызатын орын жетіспегендіктен қаладағы үш аурухананы провизорлық стационарға айналдырды. Ондағы төсек орындардың саны мыңнан асады. Кадр тапшылығы да сезілді. Сол себепті, аудандардан 35 маманды орталыққа алдырмақ.

Біржан Досмайылов, денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Өзіміздің дәрігерлердің саны жетпегендіктен кейін ауданнан тағы қосымша медбикелер мен дәрігерлерді жұмыс істеуге командировать етіп жатырмыз, қосымша.

Аудандардан келетін 35 маманның жатар орны мен тамағы үшін облыс қазынасынан ай сайын 6 млн теңге бөлінеді.  

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар