ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

КӨЗ АУРУЛАРЫ

19:12, 26 шілде 2019

Бүгінде әлемде әрбір үшінші адам көз ауруынан зардап шексе, елімізде жыл сайын бір миллионға жуық жан офтальмологтардың көмегіне жүгінеді. Себеп: көз күтіміне салғырт қарау, экологияның бұзылуы, дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттер, ұялы телефондар. Оған жаз айларындағы күннің шағылысуын қосыңыз.

Елімізде көз ауруларының ең жиі кездесетіні- глоукома мен катаракта екен.  Екеуіне де адамдар туа және жүре шалдығады.  Көздегі қысымның салдарынан пайда болып, тез дамып, су қараңғылыққа әкелетін глоукома дертін болдырмаудың  басты жолы -  «ең болмады жылына бір рет тексерістен өтіп, көз қысымын өлшетіп  тұру» дейді мамандар.

Қасымхан Тілеубаев - Ғ. Сұлтанов атындағы 

облыстық аурухананың офтальмологиялық бөлімінің меңгерушісі:

2011 жылдан бастап глаукома скринингі бойынша мемлекеттік бағдарлама қабылданды. 40 жастан асқан барлық адамдар  тұрғылықты жері бойынша емханаларда, фельдшерлік пункттерде көз қысымын өлшей алады. Глаукомадан күдіктенген немесе анықталған жағдайда пациент мамандандырылған мекемеге жіберіледі. Оның  алғашқы белгілері-жарыққа қарағанда көз алдыңызда шеңберлердің пайда болуы, көрудің нашарлауы, қолайсыздық, бас ауруы. Осы белгілердің кез-келгені көрініс берсе, бірден  маманға жүгіну керек.

63 жасар Жәзен Жәкенқызының оң жақ көзіне осыдан 3 күн бұрын ғана операция жасалған. Диагнозы: асқынып кеткен катаракта. Әдетте мұндай науқастар «Нұр-Сұлтан» қаласына жіберілетін. Алайда отбасымен ақылдаса келе, кейуана көз жанарын, Қасымхан Абылайханұлының қолына сеніп тапсырады. «Нәтижесі күткенімнен де асып түсті» - дейді дәрігерге риза қария.

Мұндай диагнозбен біз астанаға баруды ұсынуға міндеттіміз, алайда өзімізде жасаудың да мүмкіндігі бар» дейді Қасымхан Абылайханұлы. Алдағы уақытта науқастың сол көзін де дәл осындай ота күтіп тұр.  Облыстық офтальмологиялық орталықта күрделі операциялар үшін  диагностикалық, хирургиялық жабдықтар  түгел. Жалпы жыл басынан бері мұнда 1254 ота жасалыпты.

 

Гүлсара Мәлікова.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...