ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

КАРДИООРТАЛЫҚТЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ

12:24, 17 қаңтар 2020

Баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрінің орынбасары, Павлодар облыстық кардиологиялық орталықтың №1 ауруханамен бірігуі мүмкін екенін атап өтті.

Өткенде ғана өңірге осы мәселе бойынша арнайы комиссия келіп кеткен. Ләззат Ақтаеваның айтуынша, облыстың денсаулық сақтау саласын зерттеген комиссия медициналық мекемелерді қосқан жөн деген қорытындыға келген. Өнеркәсіптік қуаты мен құрал-жабдықтарына және кадрлық мүмкіндіктеріне жан жақты талдау жасап, кардиоорталықты №1 ауруханаға қосқан жөн деген шешімге келген. Естеріңізде болса, бұған дейін орталықты №3 қалалық ауруханамен біріктірмек болған еді.

Ләззат Ақтаева, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі:

Медициналық сақтандыру қоры инфрақұрылымы бар денсаулық сақтау министрлігімен келісім жасасып қойғандықтан, осы жылдың бірінші шілдесіне дейін заңды тұрғыдан біріктіру болмайды. Әйтсе де, дайындық жұмыстары жалғаса береді. Онымен қоса, облыста біріккен жаңа аурухананың құрылысы жоспарланып жатыр. 2026 жылы құрылысы аяқталады. Барлық сервистік қызмет, жаңа құрал-жабдықтарымен болашақ емханада көрсетіледі.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
14:43, 5 ақпан 2020
ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар