ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

КАРДИООРТАЛЫҚТАҒЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ

19:45, 4 желтоқсан 2019

Облыстық кардиологиялық орталықты үшінші қалалық ауруханаға қосудың тиімділігі қандай? Реформаның ұтымды тұстары бар ма? Қазіргі таңда күн тәртібінде тұрған осы секілді сан сауалға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы жауап берді.

Ардақ Күзеков атап өткендей, қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесі көп бейінді ауруханалардан бас тарту жолымен жүруде. Оңтайландыру бүгінгі күні аталған мекемелердің әрқайсысында бар бірқатар мәселелерді шешуге жола ашады. Біріншіден, техникалық қайта жарақтандыруды қажет ететін 3-ші қалалық аурухананың инсульттік орталығы, магниттік-резонанстық тамография, ультра дыбыстық зерттеу және басқа да қажетті диагностикалық аппараттары бар Ткачев көшесіндегі кардиохирургиялық орталыққа көшіріледі.

Ардақ Күзеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Екінші буыны, жүрегінде созылмалы патологиясы бар аурулар емделетін Луначар көшесіндегі кардиологиялық клиника болады. Бұл кластердің үшінші бөлігі ем алып шыққан науқастарды қалыпқа келтіру болып табылады. Ол Хромзаводтағы үшінші ауруханада орналасатын болады.

Әйтсе де, кардиохирургиялық орталық өзінің облыстық, тіпті облысаралық кәсіпорын мәртебесін сақтап қалады, дейді сала басшысы. Ардақ Күзеков, штаттың қысқармайтынын, жалақы төмендемейтінін айтып отыр.  Азаматтар тарапынан қауіптерге қарамастан, көрсетілетін медициналық қызметтердің, оның ішінде жоғары технологиялық операциялардың көлемі енді біріккен медициналық ұйымды жалпы қаржыландыру сияқты ғана ұлғайтылатын болады.

Ардақ Күзеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Мәселе ондағы ереже бұзушылықтарда болып отыр. Біз оған тексеру жүргізіп барғанбыз. Комиссия көптеген кемшіліктерді анықтады. Медициналық бұйымдарды бірнеше мәрте қолданған фактілер бар. 106 миллион теңгенің заты сақталғаны анықталды. Комиссия анықтаған айғақтарға құқыққорғау органдары өз бағасын бере жатар.

Басшылық айтқан тексеруден кейін қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүріп жатыр. Алдағы уақытта, науқастарға залал келген келмегені де анықталатын болады.

 

Автор: Есенбек САНАТҰЛЫ, Дария ЖҰМАБЕКОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
11:17, 12 тамыз 2020
КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...