ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЕРТІС АУДАНЫНДА ДӘРІ ТАПШЫЛЫҒЫ БАЙҚАЛМАЙДЫ

11:11, 30 шілде 2020

Ертіс ауданына қарасты 11 ауылдық округте дәріхана жұмыс жасайды. Ауыл тұрғындары керекті препараттарды алу үшін аудан орталығына барып әуре болмайды.

Панфилов ауылында дәріхана дәрігерлік амбулаторияның ішінде ашылды. Медицина қызметкерлері аптасына бір рет препараттарға тапсырыс береді. Қазір ауылда дәрі тапшылығы байқалмайды.

Елена Лямм, медбике:

Препараттар барлығы жеткілікті. Антибиотиктер де бар. Вирусқа қарсы дәрілер де баршылық. Адамдар  керегіне қарай алады.

Дәріхана пунктерінде орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Олар Павлодар жоғары медициналық колледжінде біліктілікті арттыру курсынан өткен.

Бақыт Әділханова, Ертіс аудандық аурухасының бас медбикесі:

Дәрігердің нұсқаулығы бойынша, дәріханаға келе алмайтын науқастарға медицина қызметкелері препараттарды жеткізіп береді. Бұған бізге еріктілер де көмектесіп жатыр.  

Ауданда соңғы аптада дәрі-дәрмекке сұраныс тұрақталды. Ауыл-аймаққа жеткізу жұмыстары да мәселе тудырмайды.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ОТТЕГІ АППАРАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ПАРТИЯСЫ
20:23, 9 тамыз 2020
ОТТЕГІ АППАРАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ПАРТИЯСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...