ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ЕМХАНАЛАРҒА ЭЛЕКТРОНДЫ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА ЕНГІЗІЛДІ

19:07, 31 шілде 2019

Емханаларда қағаз жүзінде тіркелу әдісінен бас тартты. Медициналық ұйымдарға тіркелу үшін азаматтарға электронды сандық қолтаңба қажет.

Тұрғындар бұл енгізілген жаңа өзгеріс арқылы қағаз тасып әуре болмайды. Бар болғаны әр адамның электронды цифрлық қолтаңбасы болуы міндеттелген. Ауруханаға тіркелу мәселесі бойынша көптеген заң бұзушылықтар орын алғандығын облыстық міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры атап өтті. Медициналық мекемелерде ел тұрғындарын өздеріне айтпай, заңсыз тіркеген жағдайлар орын алған. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін медициналық ұйымдарға тіркелу рәсімін электронды цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асыру шешімі қабылданды.

Айдар Сейтқазинов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ПОФ директоры:

Если мы что-то платим на бумаге.... Қазір барлығы электронды түрге көшіп жатыр. Бұл өте тиімді және уақыт үнемдейді. Мәселен, осы жылдан бастап электронды сатып алуды госзакуп арқылы жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Кез-келген медициналық ұйым қатысқысы келесетін жағдайда, сайт арқылы құжаттарды жинауы тиіс. Біз олармен кездеспей-ақ мәселені шешеміз.

Әрбір емханада бұл электронды цифрлық қолтаңба көмегімен тіркелу мәселесінде кез-келген адамға көмектесетін кеңесші жұмыс жасайды. Сондықтан тұрғындар бұл мәселеге алаңдамауы керек, дейді мамандар. Сонымен қатар, Айдар Сейітқазинов Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жаңа өзгерістер енгізілмес бұрын, жоспарлармен бөлісті.

Айдар Сейтқазинов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ПОФ директоры:

Қыркүйек айынан бастап Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына пилоттық жобаны енгізуді жоспарлап отыр.1 қазаннан бастап төлем құжаттарын қалыптастыру бойынша біздің порталда жұмыс жасайтын барлық ақпараттық жүйелердің жиынтығы. Ал, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қорға енгіземіз.

Адамның қай жерде тіркелгендігі, дәрігер және басқа да ақпаратты egov.kz сайтына кіріп, «Электрондық паспорт» бөлімінін білуге ​​болады.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...